Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 16-бап. Радиоактивті қалдықтарды түзушілер Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы Заңы

16-бап. Радиоактивті қалдықтарды түзушілер Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

16-бап. Радиоактивті қалдықтарды түзушілер Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы Заңы 

      1. Радиоактивті қалдықтарды түзушілер:

      1) құрамында радионуклидтер бар материалдарды, заттарды, жабдықтар мен бұйымдарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін бағалауды жүзеге асыруға және оларды одан әрі пайдалану мүмкін болмаған жағдайда радиоактивті қалдықтарға жатқызу өлшемшарттарына сәйкес мұндай материалдарды радиоактивті қалдықтарға жатқызуға;

      2) радиоактивті қалдықтарды көму үшін ұлттық операторға бергенге дейін олармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз етуге;

      3) уәкілетті орган бекітетін қолайлылық өлшемшарттарына сәйкес радиоактивті қалдықтарды көму үшін қолайлы күйге келтіруді қамтамасыз етуге;

      4) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі, сондай-ақ оларды көму үшін ұлттық операторға беру жөніндегі жұмыстарды қаржыландыруға;

      5) радиоактивті қалдықтарды сәйкестендіру, есепке алу және қолайлылық өлшемшарттарына сәйкестігін растау үшін қажетті толық ақпаратты бере отырып, оларды ұлттық операторға беруге міндетті.

      2. Радиоактивті қалдықтарды түзушілер радиоактивті қалдықтарды ұлттық операторға бергенге дейін олармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз етуге жауапты болады.

      3. Қызметін тоқтатқан кезде радиоактивті қалдықтарды түзушілер:

      1) қызметін тоқтату ниеті туралы уәкілетті органды хабардар етуге;

      2) барлық қолда бар радиоактивті қалдықтарды Қазақстан Республикасының радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтау және (немесе) көму пункттеріне беруге;

      3) жабдықтарды, ғимараттарды, құрылысжайлар мен коммуникацияларды дезактивациялау, аумақты рекультивациялау және қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге міндетті. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 7 шiлдедегi № 335-VIII ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау