160-бап. Жер мониторингiнiң мiндеттерi Жер кодексі Қазақстан Республикасының
1. Жер мониторингiнiң мiндеттерi:
1) жердiң жай-күйiнiң өзгерiстерiн уақтылы анықтау, оларды бағалау, болжам жасау және керi әсерi бар процестердi болдырмау мен зардаптарын жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
2) мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi, жерге орналастыруды, жерді пайдалану мен қорғауды бақылауды және жер ресурстарын мемлекеттiк басқарудың өзге де функцияларын ақпараттық қамтамасыз ету;
3) пайдаланылмайтын жер учаскелерін және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау болып табылады.
2. Жер мониторингiнiң жердiң санаттарына сәйкес келетiн iшкi жүйелерi болады. Аумақты қамтуына қарай республикалық, аймақтық не жергiлiктi жер мониторингi жүзеге асырылады.
3. Жерді жүйелі түрде байқаулардың, жерүсті түсірілімдердің, зерттеп-қараулардың, түгендеулердің нәтижелері, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылаудың материалдары, архивтік деректер, жерді қашықтықтан зондтау деректері, мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және цифрлық ресурстардан алынған мәліметтер, сондай-ақ жердің сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтер жер мониторингі үшін ақпарат көздері болып табылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы