Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 168-бап. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

168-бап. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

168-бап. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 

     ЗҚАИ-ның ескертпесі!      1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, мүгедектігі бар адамдар тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырыстарды жеке бағдарламадағы ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырады.

    Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуге тапсырыстарды мүгедектігі бар адамдарды автомобиль көлігімен тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету қағидаларында көрсетілген, мүгедектік белгілеу мерзіміне әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы берілген дәрігерлік-консультациялық комиссияның жарамды қорытындылары бар мүгедектігі бар адамдар жүзеге асырады.

      2. Мүгедектігі бар адам тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырыс беруді оған әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жеке бағдарлама іс-шараларының жіберілгені туралы хабарланған күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырады.

      3. Мүгедектігі бар адамның тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардан өтетіп алуға, бірақ уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен белгіленетін кепілдік берілген сомадан аспайтын сомаға өтетіп алуға құқығы бар.

      Мүгедектігі бар адам кепілдік берілген сома мен сатып алынған тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің нақты құны арасындағы айырмашылықты меншікті қаражаты есебінен өзі дербес төлейді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      3-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

    3-1. Осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мүгедектігі бар адамның әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесінің негізінде мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын өтетуге құқығы бар.

      Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген сома жергілікті атқарушы органдар айқындайтын мөлшерде жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленеді.

      4. Мүгедектігі бар баланы санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің бірінің санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын, санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде жергілікті атқарушы органдардан өтетіп алуға құқығы бар.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      5-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген сома уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен және мөлшерде төленеді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      169-баптың тақырыбына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы