Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 17-1-бап. Жүйелік маңызы бар банкті реттеуге   мемлекеттік қатысудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

17-1-бап. Жүйелік маңызы бар банкті реттеуге   мемлекеттік қатысудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

17-1-бап. Жүйелік маңызы бар банкті реттеуге   мемлекеттік қатысудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 

      1) реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің акцияларын не реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алу арқылы жүйелік маңызы бар банктерді реттеуге бағытталған мемлекеттік инвестициялық жобаларды (бұдан әрі – жүйелік маңызы бар банкті реттеуге бағытталған мемлекеттік инвестициялық жоба) іске асыру; 

      2) жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің соңғы сатыдағы қарыз бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде жүйелік маңызы бар банкті реттеу үшін Қазақстан Республикасының қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдігін беру арқылы Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес жүйелік маңызы бар банктерді реттеуге қатысуға құқылы. 

      2. Жүйелік маңызы бар банкті реттеуге бағытталған мемлекеттік инвестициялық жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе ұлттық басқарушы холдингтің реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің акцияларын не реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген жағдайларда іске асырылады. 

      Жүйелік маңызы бар банкті реттеуге бағытталған мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асыру кезінде мынадай талаптардың сақталуы қамтамасыз етіледі: 

      1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім қабылданғанға дейін өзі қабылдаған шаралар туралы толық ақпарат береді; 

      2) жүйелік маңызы бар банктің не реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын республикалық бюджет қаражаты және (немесе) өзге де мемлекеттік қаражат есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг сатып алады; 

      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі, ұлттық басқарушы холдинг жүйелік маңызы бар банктің акцияларын не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілген тұрақтандыру банкінің акцияларын иеліктен шығарған кезде алынған қаражат республикалық бюджетке аударылуға жатады. 

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің, ұлттық басқарушы холдингтің жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілген тұрақтандыру банкінің акцияларын, мұндай акцияларды иеліктен шығару нәтижесінде туындаған залал "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 100-бабында белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс жағдайларды қоспағанда, көрсетілген акциялар иеліктен шығарылған жылдың алдындағы кезең үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген инфляция бойынша нысаналы бағдарлар ескеріле отырып, оларды сатып алу құнынан төмен құны бойынша иеліктен шығаруына жол берілмейді. 

      Жүйелік маңызы бар банкті реттеуге бағытталған мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру тәртібін, сондай-ақ мұндай мемлекеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік саясат жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп айқындайды. 

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алдындағы жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің соңғы сатыдағы қарыз бойынша берешекті толық өтеу міндеттемесі жүйелік маңызы бар банкті реттеу үшін қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдік болып табылады. 

      Жүйелік маңызы бар банкті реттеу үшін қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдік беруді Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады. 

      4. Осы Кодекстің 28-тарауының ережелері мен талаптары жүйелік маңызы бар банкті реттеуге мемлекеттік кепілдік алуға үміткер реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банкке және реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкіне қолданылмайды. 

      Осы Кодекстің 29-тарауының ережелері мен талаптары реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің акцияларын және реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алуға бағытталған мемлекеттік инвестициялық жобаларға қолданылмайды.

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы