Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 17-бап. Бал ара шаруашылығы саласындағы селекциялық және асыл тұқым алу жұмысы Бал ара шаруашылығы туралы Заңы

17-бап. Бал ара шаруашылығы саласындағы селекциялық және асыл тұқым алу жұмысы Бал ара шаруашылығы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

     17-бап. Бал ара шаруашылығы саласындағы селекциялық және асыл тұқым алу жұмысы Бал ара шаруашылығы туралы Заңы 

      1. Жеке және заңды тұлғалардың бал ара шаруашылығы саласындағы асыл тұқымдық өнімді (материалды) өсіру және (немесе) өткізу жөніндегі қызметі Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Бал аралардың аудандастырылған тұқымдары мен бал аралардың жергілікті (абориген) популяцияларын сақтау, жақсарту және молықтыру мақсатында жеке және заңды тұлғалар оқшауланған шағылыстыру пунктін және (немесе) аспаптық ұрықтандыру пунктін аша алады.

      3. Жеке және заңды тұлғалар оқшауланған шағылыстыру пунктінде қызметін жүзеге асыру кезінде бір мезгілде мынадай талаптарды сақтауы қажет:

      1) ұрықтандырылмаған аналық бал араларды шығу тегі белгілі бір тұқымның аталық бал араларымен бақыланатын жұптастыру бойынша қызметтер көрсету;

      2) оқшауланған шағылыстыру пункті жұмысының бүкіл кезеңінде тиісті сападағы аталық ұяларды күтіп-ұстау және аталық бал аралардың жеткілікті санының болуы;

      3) аналық бал араның жұмыртқа салуының басталуы туралы құжатты және аталық ұялардың шығу тегі туралы деректерді беру;

      4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган айқындаған өзге де талаптарды сақтау.

      4. Оқшауланған шағылыстыру пункті үшін берілген жергілікті жер учаскесінің айналасында радиусы жеті километр болатын қорғаныш аймағы белгіленеді. Қорғаныш аймағына селекциялық процеске қатыспайтын аталық бал аралары бар бал ара ұяларын әкелуге тыйым салынады.

 

 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 наурыздағы N 303 Заңы. 

Осы Заң бал ара шаруашылығы өнімін өндіру, бал араны қорғау, пайдалану және молықтыру, оларды ауылшаруашылық дақылдарын және барлық тозаңдандырылатын флораны тозаңдандыру үшін тиімді пайдалану, ара шаруашылығының, сондай-ақ өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін жағдай жасау, бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды реттейді.   

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы