17-бап. Бюджеттік қатынастар саласындағы пилоттық жобалардың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі
1. Бюджеттік қатынастар саласындағы пилоттық жоба – бұл Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен оны іске асыру бойынша ұсынылатын шешімнің шынайылығын, уақыт шығындарын, шығыстарының көлемдерін, кемшіліктерін және әсерін анықтау мақсатында шектеулі ауқымда өткізілетін уақытша жоба.
2. Бюджеттік қатынастар саласындағы пилоттық жоба мынадай өлшемшарттарға сай келуге тиіс:
оны іске асыру үшін ұсынылатын шешім бірегей (инновациялық, жоғары технологиялық) болуға тиіс;
нақты мақсаттары мен күтілетін нәтижелерінің болуы;
уақытпен шектелген болуы;
аяқталған сипатының болуы;
оң экономикалық (әлеуметтік) әсерінің болуы;
шынайы болуы.
3. Бюджеттік қатынастар саласындағы пилоттық жобаны іске асыруды (енгізуді) және (немесе) оны басқаруды квазимемлекеттік сектор субъектілері жүзеге асыруы мүмкін.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджеттік қатынастар саласындағы пилоттық жобаны іске асыру (енгізу) және (немесе) оны басқару жөніндегі өкілеттіктері, тетіктері, жұмыс істеуі және қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалады.
Квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшысы бюджеттік қатынастар саласындағы пилоттық жобаны іске асыруға (енгізуге) және (немесе) оны басқаруға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
4. Бюджеттік қатынастар саласындағы пилоттық жобаны іске асыру (енгізу) тәртібі мен мерзімдерін тиісті орталық уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5. Бюджеттік қатынастар саласындағы пилоттық жобаны дербес, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектісіне беру арқылы іске асыратын мемлекеттік орган оның іске асырылуын, оның ішінде күтілетін нәтижелерге қол жеткізу тұрғысынан талдауды және бағалауды жүзеге асырады, осыны ескере отырып, оның қорытындысы туралы ақпаратты және оны одан әрі іске асырудың орындылығы туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне жібереді.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Кодексі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
Күші жойылды-Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексінің қабылдануымен.
17-бап. Бюджет тапшылығы (профициті) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі
Бюджет тапшылығы (профициті) кірістер мен шығындар, таза бюджеттік кредиттеу және қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо арасындағы айырмаға тең.
Теріс белгісімен алынған шама - бюджет тапшылығы, оң белгімен алынғаны - бюджет профициті болып табылады.
Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы