17-бап. Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті беру Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы
1. Уәкілетті компания үлескердiң және (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескердің салынған көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі олардың (оның) үлесін оған тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта және (немесе) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта көзделген мерзiмнен кешiктiрмей беруге мiндеттi.
2. Уәкілетті компания үлескерге және (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескерге оның көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі олардың (оның) үлесін берудi салынған көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін жүзеге асырады.
3. Салынған көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін уәкілетті компания үлескерлерге және реновациялау шеңберіндегі үлескерлерге көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестерiн беру жөнiндегi мiндеттемелерді мерзiмiнен бұрын орындауға құқылы.
4. Уәкілетті компания тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарға сәйкес көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының аяқталғаны туралы және үлестің беруге дайын екендігі туралы үлескерге хат жіберуге, сондай-ақ үлескерді және (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескерді үлесті қабылдап алу қажеттігі туралы және үлескердің және (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескердің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы және (немесе) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарда көзделген әрекетсіздігінің салдарлары туралы алдын ала ескертуге міндетті. Хат тапсырыс хатпен және пошта жөнелтілімін адресаттың алғаны туралы хабарламамен пошта арқылы жіберілуге немесе үлескерге және (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескерге қолхатпен жеке өзіне табыс етілуге тиіс.
5. Уәкілетті компанияның көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының аяқталғаны туралы және көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестің беруге дайын екендігі туралы жазбаша хабарламасын алған үлескер және (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескер тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта және (немесе) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта көзделген мерзімде немесе, егер мұндай мерзім белгіленбеген болса, көрсетілген хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны қабылдауға кірісуге міндетті.
6. Жұмыс нәтижелерін қабылдау уақытында ондағы жобалау-сметалық құжаттамадан , тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттан және (немесе) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттан ауытқуларды анықтаған үлескер және (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескер уәкілетті компаниядан тараптармен келісілген мерзімде анықталған кемшіліктерді жоюды талап етуге құқылы.
7. Көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін пайдалануға қабылдау актісі негізінде туындаған жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу кезінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай цифрлық жүйесінде үлесті кепілге қоюды тіркеудің болуы туралы мәліметтер жылжымайтын мүлікке құқықтардың ауыртпалығын кейіннен тіркеу үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) бірыңғай мемлекеттік кадастрына интеграциялау арқылы беріледі.
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ.
Осы Заң жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу жөніндегі қызметке байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау кепiлдiктерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы