17-бап. Лауазымды адамдардың, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алу қағидаларын орындау жөніндегі міндеттері Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы
Ескерту. 17-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 211-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің əкімдері, сондай-ақ əскери міндеттілер мен əскерге шақырылушылар жұмыс істейтін ұйымдардың басшылары өз құзыреті шегінде:
1) әскери міндеттілерді және әскерге шақырылушыларды, оларды жергілікті әскери басқару органдарына шақырылғаны туралы хабардар етуге;
2) алып тасталды - ҚР 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиісті жергілікті әскери басқару органдарына әскери міндеттілердің, әскерге шақырылушылардың және әскер жасына дейінгілердің сандық және сапалық құрамын растайтын құжаттарды беруге;
4) азаматтарды əскери қызметке шақырған кезде азаматтарды басқа жергілікті жерлерден облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың əскерге шақыру (жиын) пункттеріне жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.
2. Алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Ішкі істер органдары өз құзыреті шегінде әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыруға міндетті.
4. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың тегінің, атының, әкесінің атының (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күнінің, жерінің, жұмыс (оқу) орнының өзгеруі туралы; білімінің болуы туралы; отбасы құрамы туралы; жүргізуші куәлігінің бар-жоғы туралы; Қазақстан Республикасының аумағында болуы туралы; қайтыс болуын тіркеу туралы; мүгедектігі бар адам деп танылғандығы; стационарлық емделуде болуы және динамикалық байқауда тұратындығы; азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеу есебінен шығару туралы; адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасауының болуы не болмауы туралы; оларға қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқаны; сот оларға қатысты қылмыстық істерді қарап жатқаны, сондай-ақ оларға қатысты заңды күшіне енген үкімдер туралы мәліметтерді ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті әскери басқару органдары мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету арқылы, көрсетілген бағыттар бойынша қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелер арасында өзара іс-қимыл болмаған жағдайда, мәліметтер ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті әскери басқару органдарына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.
5. Анықтау және алдын ала тергеу органдары жеті жұмыс күні ішінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергіліктi әскери басқару органдарына оларға қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы, ал соттар оларға қатысты қылмыстық істерді сот қарап жатқан әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы, сондай-ақ оларға қатысты заңды күшiне енген үкімдер туралы хабарлауға мiндетті.
6. Алып тасталды - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7. Алып тасталды – ҚР 16.07.2025 № 211-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8. Алып тасталды - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9. Алып тасталды - ҚР 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10. Алып тасталды - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы