17-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) өкілді және атқарушы органдарының құзыреті Жол жүрісі туралы Заңы
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) өкілді органдары:
1) жергілікті бюджетті бекіткен кезде жол жүрісін ұйымдастыру және аумақтық-көліктік жоспарлау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемдерін айқындайды;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдары басшыларының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі есептерін қарайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1-1. Астана және Алматы қалаларының жергілікті өкілді органдары:
1) мыналарды:
көлік құралдарының аялдау немесе тоқтап тұру, оның ішінде орынтұрақ кеңістіктерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі қағидаларын;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес ұсталған көлік құралдарын арнаулы алаңдар мен тұрақтарға жеткізуді (эвакуациялауды), оларды уақытша сақтауды, көлік құралдарын жеткізу (эвакуациялау) және сақтау, қайтару құнын төлеуді;
Астана және Алматы қалаларында қорғаныш конструкциялары мен реттеуші элементтерді (шлагбаумдар және басқа да қоршаулар) орнатуды қоса алғанда, жол жүрісі қағидаларында реттелмеген бөлікте Астана және Алматы қалаларында жол жүрісін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
2) коммуналдық меншіктегі арнаулы алаңдарға, тұрақтарға көлік құралдарын жеткізгені (эвакуациялағаны) және уақытша сақтағаны үшін төлемақы мөлшерін айқындайды.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдары өз құзыреті және өңір шегінде:
1) тиісті аумақта жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
2) жол жүрісі қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін ұйымдастырады әрі өткізеді және олардың орындалуын бақылайды;
3) облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда, елді мекендердің көшелерінде жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, енгізу және күтіп-ұстау жөніндегі барлық жұмыс түрлерінің орындалуын және оларды бақылауды қамтамасыз етеді;
4) жолдарда жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
5) қала құрылысы құжаттамасында аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру бөлімінің болуын қамтамасыз етеді;
6) интеллектуалды көлік жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге маманданушы ұйымдар құрады;
7) жол-көлік оқиғаларынан болған ысыраптың және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бюджет шығындарының, сондай-ақ жолдардағы авариялылық деңгейін азайту үшін қолданылатын шаралар тиімділігінің мониторингін жүзеге асырады;
8) мыналар:
қоғамдық көлікті дамытуды және жол жүрісін ұйымдастыруды ескере отырып, елді мекендердің бас жоспарын әзірлеу, қабылдау және орындау;
қаланың жекелеген аумақтарына көлік құралдарының кіруіне әртүрлі шектеулер енгізу арқылы жол жүрісін ұйымдастырудың арнайы аймақтарын белгілеу;
елді мекендерде жол жүрісін ақпараттық жағынан қамтамасыз ету арқылы елді мекендерге көліктік жүктемені азайту жөнінде шаралар қолданады;
9) жолдарда жол жүрісін қалпына келтіру үшін жол-көлік оқиғаларының зардаптарын жояды;
10) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
11) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы:
1) ақылы тұрақтарды (орынтұрақтарды) ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2) ақылы тұрақтарды (орынтұрақтарды) ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасында жол жүрісі жұмыс істеуінің және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздері мен жалпы шарттарын белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы