Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 17-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі ұлттық оператор Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы Заңы

17-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі ұлттық оператор Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

17-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі ұлттық оператор Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы Заңы 

      1. Ұлттық оператордың:

      1) "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, көму пункттерінің өмірлік циклінің барлық кезеңіне байланысты қызметті жүзеге асыруға және Қазақстан Республикасының аумағында көму жөніндегі жұмыстарды орындауға;

      2)  мемлекеттік меншіктегі не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікке беруге жататын ядролық мұра объектілерін жою және (немесе) консервациялау жөніндегі жұмыстарды орындауға;

      3) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда уранды өндіру мен қайта өңдеу салдарын жою, сондай-ақ осындай қызметтің нәтижесінде радиоактивті материалдармен ластанған объектілер мен құрылысжайларды консервациялау жөніндегі жұмыстарды орындауға айрықша құқығы бар.

      2. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жұмыстарды орындау кезінде жобалау құжаттамасына сәйкес қоршаған ортаны қалпына келтіруге, радиациялық қатерді азайтуға және халық пен аумақтардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған рекультивациялық іс-шаралар жүргізіледі.

      3. Ұлттық оператор мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) сақтауға және (немесе) көмуге қабылданған радиоактивті қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз етеді;

      2) өзіне сақтауға және (немесе) көмуге берілетін радиоактивті қалдықтардың мәлімделген деректерге және қолайлылық өлшемшарттарына сәйкестігін айқындайды;

      3) өзінің қарамағындағы радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етеді;

      4) өзінің қарамағындағы көму пункттерін пайдалануды, оларға техникалық қызмет көрсетуді, оларды реконструкциялауды, жабуды және пайдаланудан кейінгі мониторингтеуді жүзеге асырады;

      5) өз қызметі шегінде радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу сапасын қамтамасыз ету бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады;

      6)  инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу бойынша ұсыныстар енгізеді;

      7) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін орналастыру және пайдалану қауіпсіздігіне байланысты ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізеді;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен радиоактивті қалдықтарды өтеулі негізде сақтауға және (немесе) көмуге қабылдайды;

      9) көму пункттері орналасқан аумақты радиациялық бақылауды және мониторингтеуді қамтамасыз етеді;

      10) өзінің қарамағындағы көму пункттері орналасқан аумақтардағы радиациялық ахуал туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен халықтың хабардар болуын қамтамасыз етеді;

      11) қоршаған ортаны қалпына келтіруге және халық пен аумақтардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған рекультивациялық іс-шаралар жүргізуді қоса алғанда, ядролық мұра объектілері қызметінің салдарын жою жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.

      4. Ұлттық оператордың:

      1) радиоактивті қалдықтарды түзушілерден және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы жұмыстарды орындайтын ұйымдардан өзіне жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті және жеткілікті көлемде ақпарат сұратуға және алуға;

      2) уәкілетті органға радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

      3) өз құзыреті шегінде радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге шарттар жасасуға;

      4) радиоактивті қалдықтардың қолайлылық өлшемшарттарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда оларды көмуге қабылдаудан бас тартуға;

      5) атом энергиясын пайдалану саласында тиісті лицензиялары бар мамандандырылған ұйымдарды жекелеген жұмыстарды орындауға тартуға;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Заңда белгіленген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 7 шiлдедегi № 335-VIII ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау