17-бап. Республика Парламентiнiң заң актiлерi жобаларын қарауының кезектiлiгi мен мерзiмiн белгiлеу Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы Конституциялық заң
1. Заңдар мен Парламенттiң өзге актiлерiнiң жобаларын қараудың кезегiн Парламент, оның Палаталары, сондай-ақ Конституцияда белгiленген реттерде Республика Президентi белгiлейдi.
2. Республика Президентiнің Парламентке арнайы жолдауымен заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге құқығы бар, бұл тиісті заң жобалары бірінші кезектегі тәртіппен екі ай ішінде қабылдануға тиіс екенін бiлдiредi.
Республика Президенті қаралуы басым деп белгілеген заң жобаларын Парламент Палаталарының қарау тәртібі Республиканың Конституциясында және Парламенттің және оның Палаталарының регламенттерінде айқындалады.
3. Халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті сақтауға, елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларға жедел ден қою мақсатында Республика Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілген заң жобалары Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Парламенттің дереу қарауына жатады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы № 2529 Конституциялық заңы
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламентiн ұйымдастыруды және оның қызметiн, оның депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы