17-бап. Су пайдалану құқығы және оның түрлері, су тұтыну құқығы Қазақстан Республикасының Су кодексі
1. Жеке және заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің су ресурстарын жеке немесе кәсіпкерлік мақсаттарда алу және (немесе) пайдалану жөніндегі қызметі, сондай-ақ табиғат қорғау мақсатындағы су жіберуді жүзеге асыру су пайдалану болып табылады.
2. Су пайдалану құқығының түрлеріне мыналар жатады:
1) ортақ су пайдалану құқығы;
2) арнаулы су пайдалану құқығы.
Ортақ су пайдалану құқығы адам дүниеге келген сәттен бастап туындайды және оны қандай да бір негіздермен иеліктен шығаруға немесе тоқтатуға болмайды.
Арнаулы су пайдалану құқығы осы Кодекстің 6-тарауының 4-параграфында реттелетін арнаулы су пайдалануға рұқсат алынған күннен бастап туындайды.
3. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, әрбір адамның демалысқа, туризмге, әуесқойлық (спорттық) балық аулауға және шаруашылық немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды көздемейтін бос уақытын өткізу мен рекреацияның өзге де нысандарына жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануға құқығы бар.
Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың тосқауылдарды, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілерді орнату арқылы халықтың ортақ су пайдаланатын су объектілеріне қол жеткізуін шектеуіне тыйым салынады.
4. Мемлекеттік органдар мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғанысын, халықтың денсаулығын, қоршаған ортаны, тарихи-мәдени мұраны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ су аз жылдары және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде ортақ су пайдалануды шектеуі немесе тыйым салуы мүмкін.
Шектеулер мен тыйымдар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялануға жатады және су объектілері жағалауының бойына арнаулы ақпараттық белгілерді орнату арқылы танысуға қолжетімді болуға тиіс.
5. Құқықтар туындау негіздері бойынша мынадай болып бөлінеді:
1) су пайдалану құқығы;
2) су тұтыну құқығы.
Су тұтыну құқығы осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес су тұтынушы мен су пайдаланушының арасында су беру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарт жасалған күннен бастап туындайды.
6. Су беру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттарда арнаулы су пайдалануға рұқсатта көрсетілген көлемдер ескеріле отырып, су тұтыну мақсаты мен негізгі талаптары көрсетіледі.
7. Осы баптың 4-тармағына сәйкес белгіленген шектеулер мен тыйымдарды бұза отырып жүзеге асырылатын су пайдалану, сондай-ақ арнаулы су пайдалануға рұқсатты немесе су беру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттарды алу осы Кодекстің ережелеріне сәйкес міндетті болған жағдайларда, осындай рұқсатсыз немесе шарттарсыз жүзеге асырылатын су пайдалану немесе су тұтыну, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Кодексі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің күші жойылды деп танылсын, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ Су кодексі қабыдануымен.
17-бап. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектілерi Қазақстан Республикасының Су Кодексі
1. Жеке немесе заңды тұлғаларға толық немесе iшiнара бiрлесiп пайдалануға берiлген су объектiлерi бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi болып табылады.
2. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерiн пайдаланған кезде ағын судың төменгi жағында орналасқан су пайдаланушылардың мүдделерi бiрiншi кезекте қанағаттандырылады.
3. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерiн пайдаланатын су пайдаланушылар өзара мүдделерді ескеруге, су пайдалану құқығын жүзеге асыруды қиындатпауға және бiр-бiрiне зиян келтiрмеуге мiндеттi.
4. Бiрлесiп пайдалану үшiн су объектiлерiн облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен бередi.
5. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерiнде ортақ су пайдалану осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Су Кодексі Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы