Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 18-бап. Тыйым салулар және сан жағынан шектеулер Сауда қызметін реттеу туралы Заңы

18-бап. Тыйым салулар және сан жағынан шектеулер Сауда қызметін реттеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

18-бап. Тыйым салулар және сан жағынан шектеулер Сауда қызметін реттеу туралы Заңы 

      1. Тыйым салулар және сан жағынан шектеулер: 

      1) қоғамдық құқықтық тәртiпті сақтау; 

      2) адамның өмiрi мен денсаулығын, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау; 

      3) алтынның немесе күмістің экспортын және (немесе) импортын реттеу; 

      4) мәдени құндылықтар мен мәдени мұраны қорғау; 

       5) орны толмайтын табиғи ресурстардың iшкi өндiрілуі мен тұтынылуын бір мезгілде шектей отырып, олардың сарқылуын болғызбау; 

      6) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; 

      7) халықаралық мiндеттемелердi орындау; 

      8) жүзеге асырылатын тұрақтандыру жөніндегі шаралардың нәтижесінде осындай материалдарға ішкі баға әлемдік бағадан анағұрлым төмен деңгейде ұсталатын кезеңдер ішінде ішкі өңдеу өнеркәсібін Қазақстанда шығарылған тауарлардың жеткілікті санымен қамтамасыз ету үшін осындай тауарлардың экспортын шектеу; 

      9) тауарлардың жалпы немесе жергілікті тапшылығы кезінде оларды сатып алу немесе бөлу; 

      10) Қазақстан Республикасында тауарларды өндіру және тұтыну құрылымында прогресшіл өзгерістерге жағдай жасау; 

      11) Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын қолдануға, зияткерлік меншікті қорғауға қатысты халықаралық міндеттемелерге сәйкес келетін нормативтік құқықтық актілердің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету қажеттігі негізге алына отырып енгізіледі. 

      2. Елеулі маңызы бар тауарлар тізбесіне енгізілген азық-түлiк тауарларының немесе өзге де тауарлардың iшкi нарықта айқын жетiспеушiлiгiн болғызбау немесе азайту үшiн орталық мемлекеттiк органдар өз құзыреті шегінде уәкiлеттi органмен келiсу бойынша жекелеген тауарларды әкетуге тыйым салуды және оны сан жағынан шектеулердi енгiзе алады. 

      Елеулі маңызы бар тауарлар тізбесін уәкілетті орган орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде айқындайды. 

      3. Тиісті орталық мемлекеттік органдар жекелеген тауарларды әкетуді және (немесе) әкелуді сан жағынан шектеулерді (квоталарды) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлуді, квоталар мөлшерін және олардың қолданылу мерзімін уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде айқындайды. 

      Квоталарды бөлу тәртібін орталық мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша, өз құзыреті шегінде айқындайды. 

      Квоталар шеңберінде жекелеген тауарларды әкету және (немесе) әкелу "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген лицензия негізінде жүзеге асырылады. 

      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).  

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544 Заңы. 

        Осы Заң сауда қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, оны мемлекеттiк реттеудiң принциптерiн және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы