Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 186-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегін оның дебиторларының шоттарынан өндіріп алу Қазақстан Республикасының Салық кодексі

186-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегін оның дебиторларының шоттарынан өндіріп алу Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

186-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегін оның дебиторларының шоттарынан өндіріп алу Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

     1. Мәжбүрлеп өндіріп алу шарасы қабылданғаннан кейін салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешектің шекті мөлшерінен асатын сомадағы салықтық берешегін өзінің банктік шоттарындағы ақша есебінен өтемеген жағдайда, салықтық берешекті өндіріп алу оның дебиторларының банктік шоттарындағы ақшаға қолданылады. 

     Осы баптың мақсаттарында дебитор деп салық төлеушінің (салық агентінің) алдында берешегі бар жеке тұлға, заңды тұлға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам түсініледі. 

     2. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дебиторларын анықтау мақсатында: 

     1) салық органының ақпараттық жүйесінің деректерін пайдалануға; 

     2) салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселесі бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеруді және дебиторларды қарсы салықтық тексеруді жүргізуге құқылы. 

     3. Салық органы дебиторға дебиторлық берешекті растау туралы хабарлама жібереді. 

     4. Дебитор салық органына қағаз немесе электрондық жеткізгіште салық төлеушімен (салық агентімен) бірлесіп жасалған өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актісін және (немесе) хабарламаны алған күні өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актісін жасау мүмкін болмаған жағдайда, салық төлеушімен өзара есеп айырысуларды растайтын құжаттарды ұсынады. 

     5. Салық органы дебиторлық берешек сомасын растау туралы хабарлама орындалмаған кезде: 

     1) дебиторларды салықтық тексеруді жүргізеді; 

     2) осындай хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.  

     6. Салық органы дебитордың банктік шоттарына мынадай құжаттардың бірімен: 

     1) өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актісімен; 

     2) дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актісімен; 

     3) заңды күшіне енген сот шешімімен расталған дебиторлық берешек шегінде салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық берешегі сомасына инкассолық өкімдер шығарады. 

     7. Дебитордың банктік шоттарына шығарылған инкассолық өкімдер салық төлеуші (салық агенті) немесе дебитор салықтық берешекті өтеген кезде кері қайтарып алуға жатады.  

     8. Дебитордың бірнеше банкте ашылған банктік шоттарынан артық есептен шығарылған, инкассолық өкімде көрсетілген сомадан асатын мөлшердегі сома салық төлеушінің (салық агентінің) өтінішінсіз дебитордың сол банктік шотына қайтарылуға жатады.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

186-бап.Тақырыптық тексеруді тағайындау және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

      1. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде, қажет болған жағдайда, тақырыптық тексеру тағайындауға құқылы. 

      2. Тақырыптық тексеру тағайындау туралы құжат тексеруге жататын мәселелер көрсетіле отырып, жазбаша нысанда ресімделеді.  

      Бұл ретте тақырыптық тексеруді жүргізу, шағым жасалатын салықтық тексеруді уәкілетті салық органы жүргізген жағдайды қоспағанда, нәтижелеріне шағым жасалған салықтық тексеруді жүргізген салық органына тапсырылмайды. 

      3. Тақырыптық тексеру осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде жүргізіледі. Бұл ретте тақырыптық тексеру салық органы осындай тексеруді жүргізу туралы құжатты алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс. 

      4. Деректер жеткілікті дәрежеде айқын немесе толық болмаған, сондай-ақ тақырыптық тексеру барысында бұрын тексерілген мән-жайлар мен құжаттарға қатысты жаңа сұрақтар туындаған кезде уәкілетті орган оны қайтадан тағайындауға құқылы. 

      5. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім тақырыптық және (немесе) қайталама тақырыптық тексерулердің нәтижелері ескеріле отырып шығарылады. Бұл ретте уәкілетті орган осындай тексерулердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, ол шағым бойынша шешім қабылдау кезінде оларды ескермеуге құқылы, алайда мұндай келіспеу уәжді болуға тиіс.  

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы