Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 19-2-бап. Автомобиль жолдарын жобалау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары Автомобиль жолдары туралы Заңы

19-2-бап. Автомобиль жолдарын жобалау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары Автомобиль жолдары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

19-2-бап. Автомобиль жолдарын жобалау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары Автомобиль жолдары туралы Заңы  

      1. Автомобиль жолдарын жобалау жылдамдықты барынша шектеу және өзгерту, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шарттары және перспективалы кезеңнен кейiн жолды реконструкциялау мүмкiндiгiн ескере отырып жүзеге асырылуға тиiс.

      2. Автомобиль жолдарының жобалық шешiмдерi:

      1) көлiк құралдарының есептелген жылдамдықпен ұйымдасқан, қауiпсiз қозғалысын;

      2) жүргiзушiлердiң көзбен шолып бағдарлау шарттарын сақтауын;

      3) қосылатын жолдар мен қиылысатын жолдардың қауiпсiз орналасуын;

      4) автомобиль шиналарының жүру жолының беткi қабатына қажеттi жанасуын;

      5) автомобиль жолдарының, оның iшiнде қорғағыш жол ғимараттарымен қажеттi жайластырылуын;

      6) жол және автокөлiк қызметтерiн қажеттi ғимараттармен және құрылыстармен қамтамасыз етуге тиiс.

      3. Өндiрiстiк базаларды, жол және автокөлiк қызметтерiнiң ғимараттары мен құрылыстарын жобалау кезiнде атмосфералық ауадағы, су объектiлерiндегi және топырақтағы ластаушы заттардың рұқсат етiлетiн шектi концентрациясының сақталуын қамтамасыз ететiн iс-шаралар әзiрленуге және жүзеге асырылуға тиiс.

      4. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеген кезде жол және жол қозғалысының:

      1) адамдарға және қоршаған ортаға;

      2) табиғат көрiнiстерiне, жолдағы объектiлерге және тарихи-мәдени мұраға тiкелей және жанама әсерiн бағалау қажет.

      Орман екпелерiн (жол бойындағы) отырғызу қандай да бiр басқа қауiп-қатердiң туындауын болғызбау шартымен көзбен шолып бағдарлауды жақсартуға және жолдың көзбен бiркелкi көруiн бұзуға жәрдемдесуге тиiс.

      5. Жолдарды жобалау кезiнде жол белгiлерiн оларды орнататын орындар мен орнату әдiстерiн көрсете отырып, орналастыру схемасын және жолды белгiлеу схемасын әзiрлеу қажет.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      5-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

    5-1. Автомобиль жолдарын жобалау жол-құрылыс материалдары мен жаңа технологиялардың бірыңғай базасы ескеріле отырып жүзеге асырылады.

      6. Автомобиль жолдарын жобалау кезiнде қойылатын қауiпсiздiк талаптары техникалық регламенттерде белгiленедi.

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасында автомобиль жолдарын мемлекеттік басқарудың, оларды мемлекеттің және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың мүдделерінде салудың, пайдаланудың және дамытудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін реттейді. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы