Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 19-бап. Конституциялық Соттың талдаушысы Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңы

19-бап. Конституциялық Соттың талдаушысы Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

19-бап. Конституциялық Соттың талдаушысы Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңы 

      1. Конституциялық Соттың талдаушысы конституциялық іс жүргізуді құқықтық және ғылыми-талдамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін және Конституциялық Сотқа келіп түсетін жолданымдардың тиісінше қаралуына жәрдем ететін мемлекеттік қызметші болып табылады.

      2. Конституциялық Соттың талдаушысы:

      1) Конституциялық Соттың судьясы-баяндамашымен өзара іс-қимыл жасай отырып, Конституциялық Соттың отырысына материалдарды дайындау жөнінде шаралар қолданады;

      2) жолданым бойынша сарапшыларды (мамандарды) тарту, мүдделі адамдарға сауал қою және өзге де әрекеттерді жүргізу туралы процестік құжаттардың жобаларын дайындайды;

      3) Конституциялық Соттың судьялары үшін баяндама дайындай отырып, конституциялық іс жүргізу материалдарына талдау жасайды және жинақтап қорытады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды орындайды. 

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 153-VII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы