Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 19-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв

19-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

19-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв  

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Кодексі. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

______________________________ 

Күші жойылды-Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексінің қабылдануымен. 

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв трансферттер түсімдерін есепке алмағанда, кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет кірістерінің жоспарланатын көлемінің кемінде бір жарым пайызы мөлшерінде және үш пайызынан аспайтын мөлшерде жоспарлы кезеңнің бірінші жылына арналған республикалық бюджет құрамында қалыптастырылады.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әкімшілендіретін жеке бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша көзделеді және ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінеді.

      3. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларын және Қазақстан Республикасы Президентінің басқа да бастамаларын іске асыруға байланысты, ағымдағы қаржы жылында күтпеген және кейінге қалдырмай қаржыландыруды талап ететін шығындарды қаржыландыруға бағытталады.

      4. Қаржы жылы ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтен бюджет қаражатын бөлу Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша қаржы жылы аяқталғаннан кейін күші жойылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жүзеге асырылады. 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Кодексі. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

______________________________ 

Күші жойылды-Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексінің қабылдануымен. 

19-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері туралы жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде жоспарланбаған шығындарды, олардың тосындығына және ағымдағы қаржы жылында шұғыл қаржыландыруды талап ететіндігіне байланысты қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттер құрамында құрылады. 

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервіне: 

      1) төтенше резерв; 

      1-1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резерв; 

      2) шұғыл шығындарға арналған резерв; 

      2-1) алып тасталды - ҚР 25.12.2020 № 391-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      3) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерв; 

      4) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерв кіреді. 

      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдарының резервіне: 

      1) төтенше резерв; 

      2) шұғыл шығындарға арналған резерв; 

      3) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерв; 

      4) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерв кіреді. 

      4. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдарының резервіне: 

      1) төтенше резерв; 

      2) шұғыл шығындарға арналған резерв; 

      3) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерв; 

      4) аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерв кіреді. 

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің жалпы көлемі республикалық бюджет туралы заңмен белгіленеді. 

      Жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы көлемі трансферттер мен қарыздарды есептемегенде, тиісті жергілікті бюджет түсімдері көлемінің екі пайызынан аспауға тиіс. 

      6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлу тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларымен, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жоятын құқықтық актілерімен ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген көлемдер шегінде жүзеге асырылады. 

      Бір қаржы жылынан астам іске асыру мерзімімен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, сондай-ақ адам өмірінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына және олардың денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың зардаптарын жоюға байланысты авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын және өзге де іс-шараларды жүргізу үшін шығындардың жалпы сомасы айқындала отырып және ағымдағы қаржы жылының сомалары және Қазақстан Республикасының Үкіметі кейінгі қаржы жылдарында қосымша шешім қабылдайтын сомалар көрсетіле отырып, Үкіметтің резервінен қаражат бөлінеді. 

      Резерв түрлерінің біріне көзделген қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервтері қаражатының жалпы көлемін қайта бөлу арқылы тиісті резервтің жоспарлы мақсаттылығын ұлғайтады. 

      7. Алынып тасталды - ҚР 2012.02.16 № 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.11.24 № 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 395-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.04.2016 № 487-V (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2020 № 391-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

    Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Экология Әлеуметтік  Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы