19-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорларының кеңесi және оның өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң оралымды басқару органы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi болып табылады.
Директорлар кеңесiнiң құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкi құрылымдық бөлiмшелерiнiң және ведомстволарының басшылары кiредi. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң құрамын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекiтедi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң төрағасы Директорлар кеңесiнiң мәжiлiстерiне Төрағалық етедi. Оның тапсырмасы бойынша Директорлар кеңесiнiң мәжiлiсiн Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары жүргiзе алады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 19-баптың төртінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заңға сәйкес Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қарауындағы мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды, бұған Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының, Ақша-кредит саясаты комитетінің және Төрағасының (немесе оның орынбасарларының) құзыретіне кіретiн мәселелер қосылмайды.
Директорлар кеңесi өз құзырына енетiн мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.
Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есебін жүргізу мен жекелеген және шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы