Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 19-бап. Топырақты құнарсызданудан, құрғап кетуден және тығыздалудан қорғау саласындағы талаптар Топырақты қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы

19-бап. Топырақты құнарсызданудан, құрғап кетуден және тығыздалудан қорғау саласындағы талаптар Топырақты қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

19-бап. Топырақты құнарсызданудан, құрғап кетуден және тығыздалудан қорғау саласындағы талаптар Топырақты қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы 

      1. Топырақты құнарсызданудан, құрғап кетуден және тығыздалудан қорғау жөніндегі іс-шаралар мыналарды қамтиды:

      1) топырақтың құрғап кетуін болғызбау және ылғалдылықтың оңтайлы деңгейін сақтап тұру үшін аумақты табиғатына қарай аудандарға бөлу және ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері ескеріле отырып, суарудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету;

      2) топырақтағы ылғал қорын толықтыру, топырақтағы ылғалдың булануын азайту, топырақ эрозиясын болғызбау, топырақтың саулығы мен құнарлы қабатын сақтау үшін қарды ұстап қалу әдістерін, топырақты өңдеу, жабындау тәсілдерін пайдалану;

      3) топырақтың ерекшеліктері мен ылғалдылық деңгейі ескеріліп, оған барынша аз қолайсыз әсер ететін ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану;

      4) тыңайтқыштарды қолданудың ғылыми негізделген жүйесін сақтау;

      5) қуаңшылық болған кезеңдерде пайдалану мақсатында тасқын және еріген суды жинау мен сақтау шараларын әзірлеп, енгізу;

      6) егісті қорғайтын ағаш өсіруді жүзеге асыру.

      2. Топырақтың бүлінуіне және тығыздалуына алып келетін химиялық заттарды оларды енгізудің жол берілетін нормативтерінен асатын мөлшерде қолдануға тыйым салынады. 

 

 

 

Топырақты қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 8 шiлдедегi № 341-VIII ҚРЗ 

Осы Заң топырақты қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және олардың құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау