1996 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы. 1996 жылғы 24 сәуiр N 2959
"Көшiп келу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және тарихи отанына қайтып оралуға тiлек бiлдiрген босқын-репатрианттардың көшiп келуiн және оларды жайғастыруды ұйымдастыру мақсатында Қаулы Етемiн:
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi ұсынған 1996 жылға арналған көшiп келу квотасы қосымшаға сәйкес 4 мың отбасы көлемiнде белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
осы Жарлықты iске асыру жөнiнде практикалық шаралар қолдансын;
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк қорынан босқын репатрианттардың көшiп келуiн, олардың қабылдануын, жайғастырылуын, тұрғын үй сатып алуын және салуын ұйымдастыру үшiн 670 млн. теңге көлемiнде ақша қаражаты бөлiнуiн қамтамасыз етсiн;
босқын-репатрианттардың отбасылары олардың туыстық және шаруашылық-өндiрiстiк байланыстары, мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуы ескерiле отырып, жинақы орналастырылатын аудандарды айқындасын;
олардың қабылдануын, жайғастырылуын және оларға қажеттi әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар жасалуын қамтамасыз етсiн;
босқын-репатрианттарға тұрғын үй салу және шаруашылық қызметiн жүргiзу үшiн жер учаскелерiн бөлу туралы мәселенi белгiленген тәртiппен шешетiн болсын;
қоныс аударушылардың отбасыларына халықтың тиiстi санаттары үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тұрғын үйге, отынға, электр энергиясына, коммуналдық және басқа қызметтерге ақы төлеу жөнiндегi жеңiлдiктердi қолдансын.
3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы