Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 2-бап. Орталық қызметінің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары және оны реттеу "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы

2-бап. Орталық қызметінің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары және оны реттеу "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

2-бап. Орталық қызметінің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары және оны реттеу "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 

      1. Орталықтың мақсаты жетекші халықаралық қаржылық қызметтер көрсету орталығын қалыптастыру болып табылады.

      2. Орталықтың міндеттері:

      1) қаржылық қызметтер көрсету саласына инвестициялау үшін тартымды орта жасау арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу;

      2) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету;

      3) Қазақстан Республикасында сақтандыру, банктік қызметтер көрсету, исламдық қаржыландыру, қаржылық технологиялар, цифрлық активтер, электрондық коммерция және инновациялық жобалар нарығын дамыту;

      4) озық халықаралық практикалар негізінде қаржылық және кәсіби қызметтер көрсетуді дамыту;

      5) қаржы орталығы ретінде халықаралық танылуды иемдену болып табылады.

      3. Орталықтың қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:

      1) Орталық қатысушылары қызметінің тиімділігі;

      2) Орталық және оның қатысушылары қызметінің ашықтығы;

      3) Орталық қатысушыларының адалдығы;

      4) Орталық қатысушыларының қаржылық қызметтер көрсетудегі кәсібилігі;

      5) Орталық қатысушыларының қызметінде халықаралық стандарттар мен үздік халықаралық практикаларды қолдану.

      4. Орталықты реттеу Орталықтың және оның қатысушыларының тәуелсіздігі қағидатына сәйкес жүзеге асырылады. 

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы