Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 2-ҚОСЫМША Еуразиялық экономикалық ОдақтыңКеден кодексі туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

2-ҚОСЫМША Еуразиялық экономикалық ОдақтыңКеден кодексі туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

2-ҚОСЫМША 

Еуразиялық экономикалық ОдақтыңКеден кодексі туралы шартқа

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі  

Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін, Еуразиялық экономикалық Одақтың Кеден кодексі туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданысын тоқтатын халықаралық шарттардыңТІЗБЕСІ

I. Еуразиялық экономикалық Одақтың Кеден кодексі туралы шарт күшіне енген күннен бастап қолданысын тоқтататын халықаралық шарттар

      1. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісім.

      2. 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының кеден кодексі туралы шарт.

      3. 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер мен толықтыр енгізу туралы 2010 жылғы 16 сәуірдегі хаттама.

      4. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының өзара әкімшілік көмегі туралы келісім.

      5. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары мен өзге мемлекеттік органдары арасында ақпарат алмасуға қойылатын талаптар туралы келісім.

      6. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағының кедендік аумағы бойынша теміржол көлігімен өткізілетін тауарлардың кедендік транзиттің ерекшеліктері туралы келісім.

      7.2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратты ұсыну туралы және алмасу туралы келісім.

      8.2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімі туралы келісім.

      9. 2010 жылғы 18 маусымдағы Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларға қатысты кедендік операциялардың ерекшеліктері туралы келісім.

      10. 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қолдануынан босату туралы келісім.

      11. 2010 жылғы 18 маусымдағы Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік рәсімі туралы келісім.

      12. 2010 жылғы 18 маусымдағы Жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, сондай-ақ жүктерді және (немесе) багажды тасымалдауды жүзеге асыратын тіркемелерді, жартылай тіркемелерді, контейнерлер мен теміржол жылжымалы құрамын кеден одағының кедендік аумағы арқылы ішкі тасымалдау үшін пайдалану ерекшеліктері туралы келісім.

      13. 2010 жылғы 5 шілдедегі Жеке тұлғалардың кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы шарт.

      14. 2011 жылғы 19 қазандағы Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының талдау және бақылау функцияларын іске асыру үшін ақпарат алмасуды ұйымдастыру туралы келісім.

      15. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2012 жылғы 23 сәуірдегі хаттама.

II. Еуразиялық экономикалық Одақтың Кедендік кодексінің 444-бабына және 448-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссиясының тиісті шешімі күшіне енген күннен бастап қолданысы тоқтатылатын халықаралық шарттар

      1. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту негіздері, шарттары мен тәртібі туралы келісім.

      2. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісім.

      3. 2010 жылдың 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім.

      4. 2010 жылдың 18 маусымдағы Кеден одағының Кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2011 жылғы 19 қазандағы хаттама.

      5. итп2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2011 жылғы 19 желтоқсандағы хаттама

  

 

 

 

2017 жылғы 11 сəуірде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі.  

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 115-VI ҚРЗ-ен Ратификацияланған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы