20-1-бап. Молекулярлық генетикалық сараптама Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы Заңы
1. Молекулярлық генетикалық сараптама мамандандырылған зертханаларда жүзеге асырылады, олар оның нәтижелерін селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық дерекқорына енгізеді.
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар молекулярлық генетикалық сараптамаға тапсырыс берушілер болып табылады.
2. Молекулярлық генетикалық сараптаманың теріс қорытындысын алу тапсырыс берушіні молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу үшін басқа мамандандырылған зертханаларға қайта жүгіну құқығынан айырмайды.
3. Тапсырыс берушінің:
1) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізудің кез келген кезеңінде өтінімді кері қайтарып алуға;
2) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу барысында туындайтын мәселелерді қарауға қатысуға құқығы бар.
4. Тапсырыс беруші:
1) жануардың биологиялық материалдарының үлгілерін іріктеуге және мамандандырылған зертханаға жеткізуге;
2) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу үшін мамандандырылған зертханаға берілетін жануардың биологиялық материалдары үлгілерінің жиналуын бақылауға;
3) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу үшін іріктелген жануардың биологиялық материалдарының үлгілерін абайсызда немесе қасақана ауыстыру жағдайларын болғызбауды қамтамасыз етуге;
4) ілеспе құжаттаманы тиісті түрде ресімдеуге және мамандандырылған зертханаға ұсынуға;
5) қаптамалардағы жазбалар мен сәйкестендіргіштердің және ұсынылып отырған барлық ілеспе құжаттардың көрсетілген сәйкестендіргіштері бар нақты жануарларға сәйкес келуіне кепілдік беруге;
6) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу құнын, оның ішінде молекулярлық генетикалық сараптаманың теріс қорытындысын алған жағдайда да төлеуге міндетті.
5. Тапсырыс беруші осы баптың 4-тармағының 1) – 5) тармақшаларында және молекулярлық генетикалық сараптама жүргізуге арналған шартта көзделген міндеттерді орындамаған жағдайда, мамандандырылған зертхананың көрсетілетін қызметтерді ұсынудан толық көлемде не ішінара бас тартуға құқығы бар.
6. Мамандандырылған зертхана:
1) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізуге арналған шартта белгіленген мерзімде толық көлемде қызметтерді көрсетуге;
2) молекулярлық генетикалық сараптама жүргізуге арналған шарт бойынша өз міндеттемелерін үшінші тұлғаларға бермеуге;
3) тапсырыс берушіге оның талабы бойынша молекулярлық генетикалық сараптаманың жүргізілу барысы туралы барлық мәліметтерді хабарлауға;
4) егер молекулярлық генетикалық сараптама жүргізуге арналған шартта көзделген міндеттемелерді сапалы және мерзімінде орындау мүмкін болмаса және бұл тапсырыс беруші тарапынан қажетті шаралар қолдануды қажет етсе, тапсырыс берушіге дереу хабар беруге міндетті.
7. Молекулярлық генетикалық сараптамаға тапсырыс беруші мен мамандандырылған зертхананың Қазақстан Республикасының заңнамасында және молекулярлық генетикалық сараптама жүргізуге арналған шартта көзделген өзге де құқықтары мен міндеттері болады.
Ескерту. Заң 20-1-баппен толықтырылды – ҚР 10.10.2022 № 144-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 278 Заңы.
Осы Заң асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негiздерiн белгiлейдi, асыл тұқымды малдың тектiк қорын сақтауға және көбейтуге, сондай-ақ оны өз төлiнен өсiруге және өнiмдiк сапасын жақсартуға бағытталған, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласымен айналысатын мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы