Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 20-бап. Авариялық әзірлік және ден қою Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы Заңы

20-бап. Авариялық әзірлік және ден қою Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

20-бап. Авариялық әзірлік және ден қою Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы Заңы 

      1. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасына және Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес авариялық әзірлік және ден қою жоспарларын әзірлеуге, бекітуге және жаңартылған күйде ұстауға міндетті.

      Авариялық әзірлік және ден қою жоспарлары радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектісінің радиациялық қауіптілік санатын ескеруге, оқыс оқиғалар мен авариялар кезіндегі іс-қимыл тәртібін, олардың салдарын жою және персоналға, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерді барынша азайту жөніндегі шараларды қамтуға тиіс.

      2. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу кезінде авариялық әзірлік және ден қою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

      3. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен авариялық әзірлік және ден қою жоспарлары бойынша іс-қимылдарды пысықтауға бағытталған персоналды оқытуды, жаттығулар мен оқу-жаттығу сабақтарын өткізуге міндетті.

      4. Авария жағдайында радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар оны оқшаулау жөніндегі шараларды дереу қабылдауға, уәкілетті орган мен азаматтық қорғау органдарын хабардар етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де іс-қимылдарды орындауға міндетті. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 7 шiлдедегi № 335-VIII ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау