20-бап. Кредиттік есептерді алушылар Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Заңы
1. Мыналар:
1) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, коллекторлық агенттіктер, сервистік компаниялар, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабының 4-тармағы бірінші бөлігінің оныншы абзацында және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 5-тармағы бірінші бөлігінің сегізінші абзацында аталған тұлғалар, егер банктік қарыз шарты бойынша және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша алынған құқықтарды (талаптарды) осы тұлғалар сервистік компанияның сенімгерлік басқаруына бермесе;
2) жүйелендірілген белгілерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тауарларды және көрсетілетін қызметтерді кредитке еткізетін не төлемдердің мерзімін ұзартатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 3) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) ақпарат беру туралы шарттардың негізінде өзге де тұлғалар, сондай-ақ уәкілетті органның кредиттік тарих субъектілерінің осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін ресімдеу, кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге келісімін ресімдеу тәртібі туралы нормативтік құқықтық актісіне сәйкес алынған кредиттік тарих субъектісінің келісімі негізінде Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын тұлғалар;
4) кредиттік тарих субъектісі;
4-1) пайдасына банк кепілдігі немесе кепілдеме берілген тұлға;
4-2) облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарт жасасқан облигациялар эмитентінің кредиттік есебіне қатысты облигацияларды ұстаушылардың өкілі;
4-3) Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы бойынша мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті орган, қаржы басқарушысы;
4-4) банк омбудсманы;
4-5) микроқаржы омбудсманы;
4-6) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган;
5) уәкілетті орган;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 6) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кредиттік есептерді алушылар болып табылады.
Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген кредиттік есепті алушылар тек өздері туралы кредиттік есеп алуға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасында аталған кредиттiк есептi алушылар өздерiнің пайдасына банк шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы ғана кредиттiк есепті алуға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-2) тармақшасында аталған кредиттік есепті алушылар облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарт жасасқан облигациялар эмитенті туралы ғана кредиттік есепті алуға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-3) тармақшасында көрсетілген кредиттік есепті алушылар өзіне қатысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғалған, сондай-ақ өзі соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз берген Қазақстан Республикасының азаматы туралы ғана кредиттік есепті алуға құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4-6) тармақшасында көрсетілген кредиттік есепті алушылар уәкілетті органмен келісу бойынша салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша коллекторлық және микроқаржы ұйымдарының алдында берешегі бар, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғалар бойынша ғана кредиттік есептен мәліметтер алуға құқылы.
Осы тармақтың алтыншы бөлігінің ережесі жеке тұлғаның кредиттік тарихын қалыптастыру үшін банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар кредиттік бюроларға ұсынатын мәліметтерге қолданылмайды.
Кредиттік есептерді осы тармақта көрсетілмеген тұлғаларға беруге жол берілмейді.
2. Осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4-2), 4-4) және 4-5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар кредиттік есептерді алу туралы шарт жасасқаннан кейін кредиттік есептерді алушылар ретінде кредиттік бюрода тіркелуге тиіс.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында кредиттiк тарихты қалыптастырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерін, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушылардың құқықтық жағдайын айқындайды, кредиттiк бюроларды құруға, олардың қызметін жүзеге асыруға және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды, осы саладағы мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау ерекшелiктерiн реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы