Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 20-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

20-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

20-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінде:

      1) төтенше резерв;

      2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резерв;

      3) шұғыл шығындарға арналған резерв;

      4) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерв;

      5) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерв қамтылады.

      2. Жергілікті атқарушы органның резервінде:

      1) төтенше резерв;

      2) шұғыл шығындарға арналған резерв;

      3) соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерв;

      4) тиісінше аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің немесе аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерв қамтылады.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің жалпы көлемі трансферттер түсімдерін есепке алмағанда, кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет кірістерінің жоспарланатын көлемінің үш пайызына дейінгі мөлшерде республикалық бюджет құрамында қалыптастырылады.

      Жергiлiктi атқарушы орган резервiнiң жалпы көлемi трансферттерді, қарыздарды және жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қоюларды есепке алмағанда, тиiстi жергiлiктi өкiлдi органның шешiмiмен тиiстi жергiлiктi бюджет түсiмдерi көлемінiң кемiнде екi пайызы көлемінде белгiленедi.

      4. Резерв түрлерінің біріне көзделген бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган тиісті бюджетті түзету арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган резервтерінің жалпы көлемдерін қайта бөлу арқылы тиісті резервтің жоспарлы мақсатын ұлғайтады.

      5. Төтенше резерв Қазақстан Республикасының аумағында әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында және Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетуі үшін пайдаланылады.

      Тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың қаулыларында көзделген әлеуметтiк, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жоюға арналған iс-шараларға төтенше резервтен бөлінетін шығыстарды қаржыландыруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің негіздейтін құжаттарды ұсынуына қарай бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар жүзеге асыруы мүмкiн.

      6. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резерв төтенше жағдайлар аймақтарында, эвакуациялау маршруттарында және эвакуацияланатын адамдар орналасқан жерлерде адамдардың өмірін сақтауға және денсаулығын қолдауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін пайдаланылады.

      7. Шұғыл шығындарға арналған резерв Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайларды жою мақсатында пайдаланылады.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен айқындалатын өзге де күтпеген шығындарға пайдаланылуы мүмкін.

      Арнаулы мемлекеттік қор есебінен қаржыландырылатын шығыстарды шұғыл шығындарға арналған резервтен қаржыландыруға жол берілмейді.

      8. Соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерв соттардың шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындауға пайдаланылады.

      9. Қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған резерв осы Кодекстің 113-бабына сәйкес кезекті қаржы жылында өз бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда төмен тұрған бюджеттерге бюджеттік кредиттер беруге пайдаланылады.

      Кезекті қаржы жылында қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда төмен тұрған бюджеттің жергілікті атқарушы органының және (немесе) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының қарыз алуы бюджетті түзету арқылы қаржы жылы шегінде алты айға дейінгі мерзімге жүзеге асырылуы мүмкін.

      10. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резервтерінен төмен тұрған бюджетке бюджет қаражатын бөлу нысаналы трансферттер түрінде жүзеге асырылады. 

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Кодексі. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

______________________________ 

Күші жойылды-Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексінің қабылдануымен. 

20-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 

      1. Төтенше резерв Қазақстан Республикасының аумағында әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында және Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге ресми гуманитарлық көмек көрсетуі үшін пайдаланылады. 

      Тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың қаулыларында көзделген әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған іс-шараларға төтенше резервтен бөлінетін шығыстарды қаржыландыруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің негіздейтін құжаттарды ұсынуына қарай, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар жүзеге асыруы мүмкін. 

      1-1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге арналған резерв төтенше жағдайлар аймақтарында, эвакуациялау маршруттарында және эвакуацияланатын адамдар орналасқан жерлерде адамдардың өмірін сақтауға және денсаулығын қолдауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін пайдаланылады. 

      2. Шұғыл шығындарға арналған резерв Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайларды жою мақсатында пайдаланылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарына арналған резерві сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен айқындалатын өзге де күтілмеген шығындарға пайдаланылуы мүмкін. 

      2-1. Алып тасталды - ҚР 25.12.2020 № 391-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

      3. Соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындау резерві соттардың шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындауға пайдаланылады.  

      4. Кезектi қаржы жылында облыстық бюджетте, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнде қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда, кезектi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте олардың бюджеттерiн кредиттеу үшiн резерв көзделедi. 

      Кезекті қаржы жылында аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда кезектi қаржы жылына арналған облыстық бюджетте олардың бюджеттерін кредиттеу үшiн резерв көзделедi. 

      Кезекті қаржы жылында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінің қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда, кезектi қаржы жылына арналған аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте олардың бюджеттерін кредиттеу үшiн резерв көзделедi. 

      Кезекті қаржы жылында қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда қарыз алу қаржы жылы шегінде алты айға дейінгі мерзімге жүзеге асырылуы мүмкін және республикалық немесе жергілікті бюджеттерді нақтылауды талап етпейді. 

      5. Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемінде пайдаланылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган қажет болған кезде Қазақстан Республикасының Парламентіне немесе тиісті мәслихатқа республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган резервтерінің мөлшерін ұлғайту туралы ұсыныстар енгізеді. 

      6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда, бюджет бағдарламасының әкімшісі бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейін тиісті бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді. 

      6-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін уақтылы қайтармағаны үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулысына сәйкес ақша алған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 

      7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 

      Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 395-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.04.2016 № 487-V (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 90-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2020 № 391-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

    Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Экология Әлеуметтік  Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы