Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 202-бап. Салықтық есепке алу және есепке алу құжаттамасы Қазақстан Республикасының Салық кодексі

202-бап. Салықтық есепке алу және есепке алу құжаттамасы Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

202-бап. Салықтық есепке алу және есепке алу құжаттамасы Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

     1. Салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қорыту және жүйелеу, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу және салықтық есептілікті жасау мақсатында салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодекстің талаптарына сәйкес есепке алу құжаттамасын жүргізу процесі салықтық есепке алу болып табылады. 

     Осы Кодекстің 216-бабына сәйкес бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі жай серiктестiк нысанында тұтастай осындай қызмет бойынша да және бірлескен қызмет туралы шартқа әрбір қатысушының қатысу үлесі бойынша да жүзеге асыратын салықтық есепке алу жиынтық салықтық есепке алу болып табылады. 

     2. Есепке алу құжаттамасында: 

     1) "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оны жүргізу жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар үшін – бухгалтерлік құжаттама; 

     2) осы файлдарды ерікті түрде ұсынатын тұлғалар үшін – тексерудің стандартты файлы; 

     3) осы баптың 4-тармағында аталған тұлғалар үшін – бастапқы есепке алу құжаттары; 

     4) шот-фактура; 

     5) салықтық тіркелімдер;  

     6) салықтық нысандар; 

     7) салықтық есепке алу саясаты; 

     8) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салықтық міндеттемені есептеу үшін негіз болып табылатын өзге де құжаттар қамтылады. 

     3. Егер осы баптың 4-тармағында өзгеше белгіленбесе, салықтық есепке алу бухгалтерлік есепке алу деректеріне негізделеді. Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленеді. 

     4. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау жөніндегі міндет жүктелмеген оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлер осы тарауға, осы Кодекстің 21-тарауына және уәкілетті орган бекіткен салықтық есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – салықтық есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары) сәйкес салықтық есепке алуды ұйымдастырады және жүргізеді. 

     5. Салық төлеуші (салық агенті) өзі дербес және (немесе) жиынтық салықтық есепке алуды жүргізуге жауапты бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың уәкілетті өкілі арқылы салықтық есепке алуды ұйымдастырады және мыналарды: 

     1) салықтық кезең ішінде салық төлеуші (салық агенті) жүзеге асырған операцияларды салық салу мақсатында есепке алу тәртібі туралы толық және анық ақпараттың қалыптастырылуын; 

     2) салықтық есептілік нысандарының әрбір жолының таратып жазылуын; 

     3) салықтық есептіліктің анық жасалуын; 

     4) салықтық бақылау үшін салық органдарына ақпарат беруді қамтамасыз ету үшін салықтық тіркелімдер түрінде ақпаратты қорыту мен жүйелеу нысандарын айқындайды. 

     6. Салықтық есепке алуды жүргізу тәртібі салық төлеуші (салық агенті) осы Кодекстің талаптарын ескере отырып өзі дербес бекіткен құжатта – салықтық есепке алу саясатында белгіленеді. 

     Салықтық есепке алу саясаты, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау жөніндегі міндет жүктелмеген салық төлеушінің салықтық есепке алу саясатын қоспағанда, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген есепке алу саясатына жеке бөлім түрінде енгізілуі мүмкін. 

     7. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлер уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салықтық есепке алу саясатын бекітеді. 

     Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген салықтық есепке алу саясаты салықтық есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында белгіленген нысан бойынша бекітіледі.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

202-бап. Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандары және оларды жасау жөніндегі талаптар Кодекса О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс) Республики Казахстан 

      1. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды және қаржылық есептілікті жүргізуді жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер бастапқы есепке алу құжаттарын қолданады, олардың нысандары мен оларды жасау жөніндегі талаптарды уәкілетті орган бекітеді. 

      Аталған дара кәсіпкерлер электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде бастапқы есепке алу құжаттарын ресімдеуді жүргізуге де құқылы. 

      2. Салықтық тіркелімдердегі жазбалар бастапқы құжаттардың негізінде жүргізіледі. 

      Ескерту. 202-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.12.2022 № 165-VII (01.04.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

 

О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс) О таможенном регулировании О недрах и недропользовании Административный процедурно-процессуальный О здоровье народа и системе здравоохранения Экологический Социальный  Комментарий статья Гражданский процессуальный Гражданский Уголовно-процессуальный кодекс Уголовный Нормативное постановление верховного суда