205-бап. Салықтық тіркелімдер Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Салықтық тіркелім – салық төлеушінің (салық агентінің) салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақша және (немесе) мүлік туралы, сондай-ақ осы Кодекстің 56-бабының 8-тармағына сәйкес көрсетілген ақшаның және (немесе) өзге де мүліктің жұмсалуы туралы мәліметтерді қамтитын құжаты.
Салықтық тіркелімдер осы Кодекстің 202-бабының 5-тармағында көрсетілген салықтық есепке алу мақсатын қамтамасыз ету үшін ақпаратты қорыту мен жүйелеуге арналған.
Салықтық есепке алу деректерін қалыптастыру салық салу мақсаты үшін пайдаланылатын ақпаратты хронологиялық тәртіппен көрсету арқылы және салықтық есепке алу деректерінің салықтық кезеңдер арасындағы (оның ішінде нәтижелері бірнеше салықтық кезеңде ескерілетін, келесі салықтық кезеңдерде салық салу объектісінің мөлшеріне әсер ететін не бірқатар жылға ауысатын операциялар бойынша) сабақтастығын қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.
Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тіркелімдерді арнаулы нысандар түрінде жасайды. Уәкілетті орган белгілеген салықтық тіркелімдердің нысандарын қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) салықтық тіркелімдердің нысандарын және оларда салықтық есепке алу деректерін көрсету тәртібін осы баптың ережелерін ескере отырып, өзі дербес әзірлейді және салықтық есепке алу саясатында бекітеді.
Салықтық тіркелімдерде шаруашылық операцияларының дұрыс көрсетілуін оларға қол қойған адамдар қамтамасыз етеді.
2. Салықтық тіркелімдер:
1) салық төлеуші (салық агенті) осы Кодекстің 202-бабының ережелерін ескере отырып, салықтық есепке алу саясатында белгілеген нысандар бойынша салық төлеуші (салық агенті) өзі дербес жасайтын салықтық тіркелімдерді;
2) салық төлеуші (салық агенті) жасайтын, жасалу нысандары мен қағидаларын уәкілетті орган бекітетін салықтық тіркелімдерді қамтиды.
3. Салықтық тіркелімдер мынадай міндетті деректемелерді қамтуға тиіс:
1) тіркелімнің атауы;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;
3) тіркелім жасалған кезең;
4) тіркелімді жасауға жауапты адамның тегі, аты және әкесінің аты.
4. Уәкілетті орган:
1) инвестициялық салықтық преференциялар;
2) тiркеп-белгіленген активтер және тiркеп-белгіленген активтер бойынша кейінгі шығыстар;
3) туынды қаржы құралдары;
4) бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесi шегерiмге жатқызған басқарушылық және жалпы әкiмшiлiк шығыстарының сомасы;
5) лизинг шарты бойынша берілген мүлік;
6) осы Кодекстің 320-бабы 2-тармағының 8) – 10) тармақшаларында көзделген, борышкерлерге қойылатын талаптар мөлшерін азайтуларды есепке алу;
7) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымның, ауыл шаруашылығы кооперативінің және (немесе) ауыл шаруашылығы шикізатын, жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғаның жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғадан ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуын есепке алу;
8) шығу, ішкі және келу туризмі бөлінісінде – туроператордың көрсетілетін қызметтері;
9) шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу бойынша, сондай-ақ көрсетілген ақшаның және (немесе) өзге де мүліктің жұмсалуы;
10) қосылған құн салығын есептеу мақсатында тауар қалдықтары түріндегі айналым;
11) тауар қалдықтары бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығы;
12) ауыл шаруашылығы кооперативінің осындай кооперативтің мүшелеріне өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу мақсатында тауарларды өткізуі;
13) ауыл шаруашылығы кооперативінің осындай кооперативтің мүшелері үшін өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу мақсатында жұмыстарды орындауы және қызметтерді көрсетуі бойынша ақпаратты көрсету үшін салықтық тіркелімдердің нысандарын белгілеуге құқылы.
Осы тармақтың ережелері "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.
5. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер үшін уәкілетті орган мыналарды:
1) кірістерді, оның ішінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы алынған кірістерді;
2) сатып алынған тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді;
3) төлем көзінен салық салуға жататын жеке тұлғалардың кірістерінен жеке табыс салығын, сондай-ақ әлеуметтік салықты және әлеуметтік төлемдерді салу объектілерін;
4) мыналар:
қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені;
жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салықтық міндеттемелерді есепке алу жөніндегі ақпаратты көрсетуге арналған салықтық тіркелімдердің нысандарын белгілеуге құқылы.
6. Экспедитор тасымалдаушылар және (немесе) көлік экспедициясы шарты шеңберінде ұсынылатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер туралы, сондай-ақ осындай жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны туралы ақпаратты ашу үшін салықтық тіркелімді жүргізеді, онда мынадай деректер:
1) қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын тасымалдаушы және (немесе) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші жазып берген шот-фактураның реттік нөмірі мен күні;
2) тасымалдаушы және (немесе) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
3) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің тегi, аты және әкесiнiң аты немесе атауы;
4) қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын тасымалдаушылар және (немесе) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шот-фактурада көрсетілген, салық салынатын (салық салынбайтын) айналымының мөлшеріне қосылатын құны;
5) "Қосылған құн салығынсыз" деген нұсқауы бар, қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тасымалдаушы және (немесе) өнім беруші жүзеге асыратын, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны;
6) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бейрезиденттен сатып алу бойынша экспедитордың айналымы болып табылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны көрсетілуге тиіс.
7. Төтенше ахуалдар салдарынан не төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде тауарлар бүлінген, жоғалған жағдайларда қосылған құн салығын төлеуші салықтық тіркелім жасайды, онда осы баптың 3-тармағында көзделген мәліметтер, сондай-ақ мынадай деректер көрсетіледі:
1) тауардың атауы;
2) есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы;
3) тауардың баланстық құны;
4) мұндай тауар бойынша қосылған құн салығын бұрын есепке жатқызуға негіз болған құжаттың деректемелері (атауы, нөмірі, күні), сондай-ақ тауардың қосылған құн салығынсыз құны (салық салынатын айналым мөлшері).
8. Салықтық тіркелімдер қағаз жеткізгіштерде жүргізілген жағдайда мұндай салықтық тіркелімдердегі қателерді түзету негізделген болуға және түзету енгізген жауапты адамның қолтаңбасымен расталып, енгізілген түзетулердің күні мен негіздемесі көрсетілуге тиіс.
9. Салықтық тіркелімдер тексеруді жүзеге асыратын салық органдары лауазымды адамдарының талап етуі бойынша салықтық тексерулерді жүргізу кезінде салық органдарының лауазымды адамдарына қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде ұсынылады.
Салықтық мониторингте тұрған салық төлеушілер салық органдарының немесе олардың лауазымды адамдарының талап етуі бойынша салықтық тіркелімдерді ұсынады.
Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тіркелімдерді электрондық құжат нысанында жасаған кезде салықтық тексеру барысында және салықтық мониторинг шеңберінде салық органдарының немесе олардың лауазымды адамдарының талап етуі бойынша салықтық тіркелімдерді электрондық жеткізгіштерде және осындай салықтық тіркелімдердің қағаз жеткізгіштегі көшірмелерін ұсынуға міндетті, олар басшысының және салық төлеушінің (салық агентінің) осы салықтық тіркелімдерін жасауға жауапты адамдардың (адамның) қолымен, сондай-ақ салық төлеушіде (салық агентінде) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша мөр болмаған жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) мөрімен куәландырылуға тиіс.
10. Шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін төлеушілер, қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы бойынша салықтық міндеттемелерді есепке алу бойынша салықтық тіркелімді қоспағанда, осы баптың 5-тармағында көзделген салықтық тіркелімдерді жүргізуге міндетті.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
205-бап. Салық нысандарын сақтау мерзімі Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Салық нысандары осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде, бірақ кемінде бес жыл салық төлеушіде (салық агентінде) сақталады.
2. Салық төлеуші, салық агенті, оператор – заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде, қайта ұйымдастырылған тұлғаның салық нысандарын сақтау жөніндегі міндеттеме оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледі.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы