21-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Аквашаруашылық туралы Қазақстан Республикасының Заңы
1. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын мемлекеттік бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мемлекеттік бақылау субъектісі ұсынған есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардан алынған басқа да құжаттарды және мемлекеттік бақылау субъектісінің қызметі туралы мәліметтерді зерделеу мен талдау негізінде жүзеге асырылады.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда бақылау органы бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамай, бірақ мемлекеттік бақылау субъектісіне оларды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, мемлекеттік бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды жібереді.
4. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мемлекеттік бақылау субъектісіне жеке өзінің қолын қойғызып немесе оны жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол – алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен – бақылау органы сұрау салған кезде мемлекеттік бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына немесе егер бұл мекенжайды осы субъект бақылау органына ұсынған болса, бақылау органының жөнелтуі арқылы табыс етілген (алынған) болып есептеледі.
5. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды алған мемлекеттік бақылау субъектісі ол табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде бақылау органына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген оларды жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынуға міндетті.
Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды орындау мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде бақылау органына бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты жазбаша түрде беруге міндетті.
Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы берілген ақпаратқа бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды (қажет болғанда) қоса береді.
6. Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген бақылау органына ұсыным табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
7. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау бір жыл ішінде екі реттен асырмай жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 12 маусымдағы № 193-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы