Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 21-бап. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Заңы

21-бап. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

21-бап. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Заңы 

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган: 

      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 

      2) алып тасталды – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

      3) республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келіседі; 

      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің шарттарын жасасады; 

      5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша берілген мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің тізілімін жүргізеді; 

      6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша мемлекеттің қаржылық міндеттемелерінің қабылдануын және орындалуын есепке алуды жүзеге асырады; - ҚР Заңымен алынып тасталды. 

      6-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша мемлекеттің қаржылық міндеттемелері туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен береді; 

      7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ. 

      Осы Заң мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің құқықтық жағдайларын, оның жүзеге асырылу тәсілдерін айқындайды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын дайындау мен іске асыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу, орындау және тоқтату процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы