Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 21-бап. Жасанды интеллект жүйелерін пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету Жасанды интеллект туралы Заңы

21-бап. Жасанды интеллект жүйелерін пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету Жасанды интеллект туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

21-бап. Жасанды интеллект жүйелерін пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету Жасанды интеллект туралы Заңы 

      1. Пайдаланушылар тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жасанды интеллект жүйелері пайдаланыла отырып өндірілгені немесе көрсетілетіні туралы хабардар етілуге тиіс. 

      2. Жасанды интеллект жүйелері қызметінің синтетикалық нәтижелерін олар машина оқитын нысанда таңбаланған және қабылдауды қиындататын әдістер қолданылмай, пайдаланушының осындай қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін көрнекі нысанмен не өзге де ескерту нысанымен сүйемелденген жағдайда ғана таратуға жол беріледі. 

      3. Жасанды интеллект жүйелері қызметінің синтетикалық нәтижелері туралы пайдаланушыларды хабардар ету жауапкершілігі осындай жүйелердің меншік иелеріне немесе иегерлеріне жүктеледі. 

      4. Дербес деректерді тек қана автоматтандырылған өңдеу негізінде шешімдер қабылдауға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында белгіленеді. 

      5. Жасанды интеллект жүйелерінің қызметі нәтижелерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі міндет жасанды интеллект жүйелерінің меншік иелеріне және (немесе) иегерлеріне жүктеледі.  

  

 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 17 қарашадағы № 230-VIII ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы