Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 22-1-бап Көлікті беру міндеті Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы Заңы

22-1-бап Көлікті беру міндеті Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

22-1-бап Көлікті беру міндеті Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы Заңы 

      Жеке және заңды тұлғалар (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының оқиғалар, төтенше жағдайлар болған жерлерге бару және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін көлікті пайдалану жөніндегі заңды талаптарын орындауға міндетті. 

      осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда көлік құралдары иелеріне олардың көлігін пайдаланғаны үшін шығыстар, сондай-ақ келтірілген залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі. 

Жеке және заңды тұлғалардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою үшін көлікті (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерін қоспағанда) беруі, сондай-ақ көлікті пайдаланғаны үшін шығыстарды өтеу, осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасы көлiгiнiң құқықтық экономикалық және ұйымдық қызметiнiң негiздерiн айқындайды.   

Қазақстан Республикасының 

Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы