22-бап. Конституциялық Сот судьяларының куәліктері, төсбелгісі мен мантиясы, сондай-ақ Конституциялық Соттың ресми басылымы және өзге де ресурстары Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Конституциялық заңы
1. Конституциялық Соттың судьяларына Қазақстан Республикасының Президенті қол қоятын белгіленген үлгідегі куәліктер, сондай-ақ төсбелгі мен мантия беріледі.
2. Төсбелгі мен мантия туралы ережені, олардың үлгілері мен сипаттамасын Конституциялық Сот бекітеді.
3. Конституциялық Соттың ресми басылымы "Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының жаршысы" болып табылады.
4. Конституциялық Сот кітапхана ашуға, интернет-ресурс, рәміздер және өзге де айырым белгілер жасауға құқылы.
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 153-VII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы