22-бап. Кредиттiк тарих субъектiсiнің құқықтары Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Заңы
Кредиттiк тарих субъектiсi:
1) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда, ақпарат беруші ақпарат беру туралы шарт жасасқан кредиттік бюроларға ақпарат берушiге кредиттiк тарихты қалыптастыру үшiн өзi жайында мәлiметтер табыс ету туралы келiсiм беруге;
2) кредиттiк есептi алушыға өзi туралы кредиттiк есептi алуына келiсiм беруге;
3) кредиттiк бюроға өзi туралы ақпарат түскен кезден бастап, осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес өзi туралы кредиттiк есептi алуға;
4) кредиттiк есептi алушыдан кредит алуға оның өтінiмiн қараған кезде кредиттiк есеппен таныстыруды не алушы кредиттiк бюродан алған кредиттiк есептiң көшiрмесiн кредиттiк есептi алушының iшкi ережелерiне сәйкес берудi талап етуге;
5) кредиттiк есептегi ақпаратпен, беруші туралы ақпарат алу мүмкiндiгiмен келiспеушілiктi мәлiмдеуге;
6) алушыға берiлген кредиттiк есепте кредиттiк бюро қызметкерлерінің әрекетi немесе әрекетсiздiгі салдарынан ақпарат берушiлер кредиттiк бюроға берген ақпаратқа сәйкес келмейтiн ақпарат болса, кредиттiк бюролардан түзетiлген кредиттiк есептi сұратуға;
7) дәйектемесiз ақпаратты түзету туралы талаппен ақпарат берушiге жүгінуге;"
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 8) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8) банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуын кредиттік бюрода, "электрондық үкімет" веб-порталы не банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, "электрондық үкімет" шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның ақпараттандыру объектілері арқылы тегін белгілеуге не оны алып тастауға құқылы.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында кредиттiк тарихты қалыптастырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерін, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушылардың құқықтық жағдайын айқындайды, кредиттiк бюроларды құруға, олардың қызметін жүзеге асыруға және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды, осы саладағы мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау ерекшелiктерiн реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы