22-бап. Пошта операторлары Пошта туралы Заңы
1. Пошта операторларында қажеттi материалдық-техникалық база мен бiліктi кадрлар, механикаландыру құралдары болуға, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға пошта жөнелтiлімдерiн Қазақстанның iшiнде және одан тыс жерлерге жiберудің тарифтерi, мерзiмдерi туралы ақпарат, сондай-ақ өзге де ақпарат беруге тиiс.
2. Пошта операторларының пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі қызметі пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Пошта операторлары пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардан алған пошта жөнелтілімдерінің және пошталық ақша аударымдарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
4. Пошта операторлары пошта жөнелтiлімдерi, пошталық ақша аударымдары, жөнелтушiлер және адресаттар туралы мәлiметтердi тек жөнелтушiлер мен адресаттарға не олардың заңды өкілдерiне немесе сенiмхат негiзiнде сенiм білдірілген тұлғаларға бередi. Көрсетілген мәлiметтердi өзге жеке және заңды адамдарға беру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ғана жүзеге асырылады.
5. Пошта операторлары пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін өндірістік объектілер, поштаматтар, пошташылар немесе курьерлер арқылы көрсетеді, сондай-ақ қызметтерді көрсету кезінде осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес меншікті пошта төлемінің белгілерін пайдаланады.
Пошта операторлары абоненттік пошта жәшіктері арқылы тізбесі пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында белгіленетін пошта жөнелтілімдерін жеткізеді.
6. Пошта операторлары арасындағы өзара іс-қимыл шарттық негізде жүзеге асырылады.
7. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 216 және 217-баптарында көзделген қылмысы үшін жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар жеке тұлға, немесе жеке тұлға құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлға пошта операторы бола алмайды.
8. Пошта операторлары қызметін осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 498-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді және қоғамдық қатынастарды реттейді, пошта қызметi субъектілерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, пошта саласындағы мемлекеттiк органдардың құзыретiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы