22-бап. Уәкілетті орган бекіткен тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту тәртібі Табиғи монополиялар туралы Заңы
1. Уәкілетті орган бекіткен тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгертуге мыналар негіздер болып табылады:
1) стратегиялық тауарлар түрінің және құнының және (немесе) мемлекеттік реттеуге жататын стратегиялық тауарларды тасымалдауға тарифтердің (бағалардың) өзгеруі;
1-1) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-2-тармағына сәйкес, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйыммен электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше жағдайдың жариялануы;
3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мөлшерлемелерінің өзгеруі;
4) мемлекеттік бағдарламаларды және (немесе) ұлттық жобаларды іске асыруға байланысты бекітілген инвестициялық бағдарламаның, және (немесе) шығындары бекітілген инвестициялық бағдарламада көзделген жасалған қарыз шарты талаптарының сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының өзгеруі;
5) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюы;
6) жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі және сумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсыну кезінде атом-энергетикалық кешен пайдаланатын, өзі өндіретін электр энергиясының және судың өзіндік құнының газдың және (немесе) оны тасымалдау бағасының өзгеруіне байланысты өзгеруі;
7) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталмауы;
8) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның ақпараты негізінде электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынатын табиғи монополия субъектісі қызметінің "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;
9) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізбеу;
9-1) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлік өтеусіз пайдалануға алынған жағдайда мүлікті, оның ішінде басқа энергия беруші ұйымдардан электр желілерін мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардан, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органнан балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға алуы;
9-2) осы тармақтың 9-3) және 9-4) тармақшаларында көзделген жағдайды қоспағанда, өңірдегі (қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жұмыскердің бір жылдағы статистика деректері бойынша қалыптасқан орташа айлық номиналды жалақысының өзгеруі;
9-3) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 14) тармақшасында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополия субъектісінің бір жұмыскерінің орташа айлық номиналды жалақысының өзгеруі.
9-4) жыл статистикасының деректері бойынша қалыптасқан өңірдегі (қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жұмыскердің номиналдық жалақысы республика бойынша экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жұмыскердің номиналдық жалақысының деңгейіне жетпеген жағдайда, бекітілген тарифтік сметада Қазақстан Республикасы бойынша экономикалық қызмет түрлері бойынша тиісті деңгейге жеткенге дейін бір жұмыскердің жалақысы деңгейін жылына жиырма пайыздан асырмай ұлғайту есеп-қисабы қолданылады;
Бұл ретте осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін табиғи монополиялар субъектілері үшін көзделген, өңірдегі (қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жұмыскердің бір жылдағы статистика деректері бойынша қалыптасқан орташа айлық номиналды жалақысының өзгеруі өзгертуге негіз болып табылады;
10) табиғи монополия субъектісіне "Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана" маршруты бойынша магистральдық газ құбырын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру.
2. Осы баптың 1-тармағының 4), 5), 7), 8), 9), 9-1), 9-2), 9-3) , 9-4) және 10) тармақшаларында көзделген негіздерді қоспағанда, тариф қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерген жағдайда, шығындардың тиісті бабы өзгереді.
Осы баптың 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес тариф қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерген кезде бекітілген тарифтік сметадан тарифтерді қалыптастыру қағидаларында айқындалған инвестициялық шығындар (пайда, амортизациялық аударымдар, негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі шығындар) алып тасталады.
3. Тарифті өзгерту уәкілетті органның бастамасы бойынша – жылына екі реттен жиілетпей, ал табиғи монополия субъектісінің бастамасы бойынша жылына бір реттен жиілетпей жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган бекіткен тарифті бекітілген энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген оның қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту негізі бойынша табиғи монополия субъектісі уәкілетті орган бекіткен тарифті оның қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгертуге өтінім беру жөнінде қосымша бастамамен бір жыл ішінде жүгінуге құқылы.
4. Уәкілетті орган бекіткен тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту үшін табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға негіздейтін материалдармен қоса өтінім ұсынады.
Уәкілетті органның тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту туралы өтінімді қарау мерзімі:
1) осы баптың 1-тармағының 1), 1-1), 2), 3), 9-2) 9-3) және 9-4) тармақшаларында көзделген жағдайларда, оның ұсынылған күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімді;
2) осы баптың 1-тармағының 4), 5), 6) және 9-1) тармақшаларында көзделген жағдайларда оның ұсынылған күнінен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімді;
3) осы баптың 1-тармағының 10) тармақшасында көзделген жағдайда, оның ұсынылған күнінен бастап тоқсан жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.
Тариф уәкілетті органның бастамасы бойынша өзгерген жағдайда, табиғи монополия субъектісі тиісті ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде экономикалық негізделген есеп-қисаптар мен материалдарды ұсынуға міндетті.
5. Егер өтінімді қараған кезде қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкілетті орган оны мерзімді, бірақ кемінде бес жұмыс күнін белгілей отырып, жазбаша түрде сұратуға құқылы.
Бұл ретте өтінімді қарау табиғи монополия субъектісін бұл жөнінде хабардар ете отырып, қажетті ақпарат алынғанға дейін тоқтатыла тұрады.
6. Осы баптың 1-тармағына сәйкес өзгертілген тарифті қолданысқа енгізу уәкілетті орган белгілеген күннен бастап жүзеге асырылады.
7. Осы баптың 1-тармағының 4), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларда тариф бекітілетін кезде уәкілетті орган ол бекітілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жария тыңдаулар өткізеді.
8. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда табиғи монополия субъектісі тариф қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей тұтынушыларға тарифтің, бекітілген тарифтік сметаның өзгеру себептерін көрсететін ақпаратты ұсына отырып, бұл жөнінде хабарлайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы