22-бап. Жоғарғы Соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстары Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы
Ескерту. 22-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 21.02.2019 № 226-VI Конституциялық заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).
1. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы:
1) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша тиісті сот алқасының сандық және дербес құрамын белгілейді;
2) сот практикасын зерделеу мен жинақтаудың қорытындылары бойынша республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiнде заңдылықты сақтау мәселелерiн қарайды;
3) нормативтiк қаулылар, қаулылар қабылдайды, сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндiрулер береді және заңнаманы жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.
Нормативтік қаулылар Жоғарғы Соттың жалпы отырысында Жоғарғы Соттың қатысып отырған судьялары санының кемінде үштен екі даусымен және Жоғарғы Соттың жұмыс істеп жүрген судьялары санының кемінде төрттен үш кворумы болған кезде қабылданады;
3-1) алып тасталды - ҚР 07.11.2014 № 245-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
4) Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының және уәкiлеттi орган басшысының ақпаратын тыңдайды;
5) Қазақстан Республикасы Конституциясының 47-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда қорытынды бередi;
6) облыстық соттар төрағаларының, сот алқалары төрағаларының, кассациялық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен судьяларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды және тиісті қорытындылар шығарады;
6-1) алып тасталды - ҚР 21.02.2019 № 226-VI Конституциялық заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 6-2) алып тасталды - ҚР 21.02.2019 № 226-VI Конституциялық заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз);
7) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша жалпы отырыстың хатшысын, ғылыми-консультативтік және халықаралық кеңестердiң құрамдарын бекiтедi;
7-1) алынып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;
7-2) судья мантиясының нысаны мен сипатын бекітеді;
7-3) алып тасталды - ҚР 21.02.2019 № 226-VI Конституциялық заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз);
7-4) Жоғарғы Сот жанындағы ғылыми-консультативтік және халықаралық кеңестер туралы ережелерді бекітеді;
7-5) лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік іс жүргізу шеңберінде облыстық соттың сот алқасы төрағасының, облыстық сот төрағасының, кассациялық сот төрағасының немесе Жоғарғы Соттың сот алқасы төрағасының әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды және талқылау қорытындылары бойынша тиісті шешім шығарады;
7-6) соттардағы істерді автоматтандырылған бөлу қағидаларын бекітеді;
7-7) облыстық соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарының үлгілік регламентін бекітеді;
7-8) облыстық сот төрағасының және сот алқасы төрағасының, кассациялық сот төрағасының, Жоғарғы Сот судьясының, Жоғарғы Соттың сот алқасы төрағасының лауазымдарына кадр резервіне алу үшін кандидатураларды қарайды;
7-9) сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін кассациялық сот төрағасын, Жоғарғы Соттың судьясын немесе сот алқасының төрағасын тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе тартпау туралы ұсынымды Сот жюриіне беру туралы мәселені талқылайды;
8) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
2. Жалпы отырыс оған Жоғарғы Сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды болып табылады.
2-1. Жоғарғы Соттың судьялары, сондай-ақ облыстық соттардың кеңейтілген жалпы отырыстары жіберетін жергілікті соттардың судьялары қатысатын Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысы:
1) сот жүйесінің бюджетін шығыстардың деңгейлері мен бағыттары бойынша бөлуді бекітеді;
1-1) судьялардың еңбегіне ақы төлеу шарттарын бекітеді;
2) Жоғары Сот Кеңесінің, Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің және Кадр резерві жөніндегі комиссияның құрамдарына, сондай-ақ Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның құрамына кандидаттарды ұсынады.
Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысының құрамына жіберілетін судьялар алқалардың төрағалары, соттардың төрағалары болмауға тиіс.
3. Жоғарғы Соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарының жұмыс тәртiбi өзi бекiтетiн регламентпен айқындалады.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы