222-бап. Резидент-жеке тұлға Қазақстан Республикасының Салық кодексі
1. Жеке тұлға:
1) Қазақстан Республикасында тұрақты болатын;
2) өмірлік мүдделер орталығы Қазақстан Республикасында болатын жағдайларда резидент деп танылады.
2. Жеке тұлғаның осы салықтық кезеңде аяқталатын кез келген қатарынан он екі айлық кезеңде:
1) кемiнде күнтiзбелiк бір жүз сексен үш күн (келу және кету күндерiн қоса алғанда);
2) "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген шарттарға сәйкес АХҚО-ның инвестициялық резиденті үшін кемiнде күнтiзбелiк тоқсан күн (келу және кету күндерiн қоса алғанда) Қазақстан Республикасында болуы салықтық кезең үшін Қазақстан Республикасында тұрақты болуы болып табылады.
3. Бір мезгілде мынадай шарттарды орындаған кезде:
1) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты немесе ықтиярхаты болса;
2) жеке тұлғаның жұбайы (зайыбы) және (немесе) жақын туыстары (олар болған жағдайда) Қазақстан Республикасында тұрса;
3) Қазақстан Республикасында жеке тұлғаның кез келген уақытта тұруы және (немесе) жұбайының (зайыбының) және (немесе) оның жақын туыстарының тұруы үшін қолжетімді, оған және (немесе) жұбайына (зайыбына) және (немесе) оның жақын туыстарына меншік құқығында немесе өзге де негіздерде тиесілі жылжымайтын мүлкі болса, өмірлік мүдделер орталығы Қазақстан Республикасында деп танылады.
4. Жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрған уақытына және осы бапта көзделген басқа да кез келген өлшемшарттарға қарамастан:
1) мемлекеттік билік органдары шет елге іссапарға жіберген жеке тұлға, оның ішінде дипломатиялық, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың қызметкері, сондай-ақ аталған жеке тұлғаның отбасы мүшелері;
2) тұрақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына немесе азаматтарына тиесілі көлік құралы экипажының мүшесі;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге көшірілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы;
4) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлердегі және Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасы субъектілерінің меншігі болып табылатын объектілерде (оның ішінде концессиялық шарттар негізінде) жұмыс істейтін жеке тұлға;
5) оқу, оның ішінде тағылымдамадан немесе практикадан өту, емделу немесе сауықтыру, профилактикалық рәсімдерден өту мақсатында, оқу, оның ішінде тағылымдамадан немесе практикадан өту, емделу немесе сауықтыру, профилактикалық рәсімдерден өту кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде болатын жеке тұлға;
6) сабақ беру, консультациялар беру немесе ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында аталған қызметтерді (жұмыстарды) көрсету (орындау) кезеңі ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде болатын оқытушы және (немесе) ғылыми қызметкер резидент деп танылады.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын (немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаусыз Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтініш берген) жеке тұлғаға қолданылады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын, 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты.
222-бап.Төлеушілер Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі
1. Мемлекеттік мекемелерді және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден кіріс алатын бейрезидент-заңды тұлғалар корпоративтік табыс салығын төлеушілер болып табылады.
2. Шағын бизнес субъектілері үшін, бөлшек салықтың арнаулы салық режимдерін қолданатын заңды тұлғалар осы Кодекстің 20-бөліміне сәйкес, көрсетілген режимдер шеңберінде салық салынатын кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын есептейді және төлейді.
Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін, бөлшек салықтың арнаулы салық режимдерін қолданатын заңды тұлғалар осы Кодекстің 20-бөлімінде белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, көрсетілген режим шеңберінде салық салынатын кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын және ол бойынша аванстық төлемдерді есептейді.
3. 01.01.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 25.12.2017 № 121-VI Заңымен. Ескерту. 222-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы