Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Нормативтік қаулы / 224-бап. Ұстап тұру мәртебесін беруден бас тарту Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

224-бап. Ұстап тұру мәртебесін беруден бас тарту Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

224-бап. Ұстап тұру мәртебесін беруден бас тарту Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі    

      1. Құзыретті орган мынадай негіздердің бірі болған кезде:

      1) өтініш немесе оған қоса берілетін құжаттар осы Кодексте көзделген талаптарға сәйкес келмесе;

      2) өтінішке осы Кодексте талап етілетін құжаттар қоса берілмесе;

      3) өтініш иесі осы Кодекстің 223-бабында көзделген тәртіппен әзірленген консервациялау жобасын құзыретті органға ұсыну мерзімін сақтамаса;

      4) жер қойнауын пайдаланушы келтірген негіздер мен ұсынылған құжаттар өндіру учаскесіне (оның бір бөлігіне) ұстап тұру мәртебесін беру үшін негіз болып табылатын мән-жайлардың болуын растау үшін жеткіліксіз болып табылса, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия бойынша өндіру учаскесіне (оның бір бөлігіне) ұстап тұру мәртебесін беруден бас тартады.

      2. Өндіру учаскесіне (оның бір бөлігіне) ұстап тұру мәртебесін беруден бас тарту жазбаша нысанда шығарылады, ол уәжді болуға және өтініш иесіне ұстап тұру мәртебесін беру үшін көзделген мерзім ішінде берілуге тиіс.

      3. Құзыретті орган өндіру учаскесіне (оның бір бөлігіне) ұстап тұру мәртебесін беруден бас тарту туралы өтініш иесін бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      4. Өтініш иесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіру учаскесіне (оның бір бөлігіне) ұстап тұру мәртебесін беруден бас тартуға өтініш иесіне бас тарту туралы хабарланған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей шағым жасауы мүмкін.

      5. Өндіру учаскесіне (оның бір бөлігіне) ұстап тұру мәртебесін беруден бас тарту өтініш иесін өтінішті қайта беру құқығынан айырмайды.

 

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы