228-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен неке қиюын (ерлі-зайыпты болуын) мемлекеттік тіркеу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен неке қиюын (ерлі-зайыпты болуын) мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының тіркеуші органдарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалпы негіздерде не некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірген адам азаматы болып табылатын шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдігінде, консулдық мекемесiнде жүргізіледі.
2. Шетелдікпен некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш берумен бір мезгілде шетелдік өзі азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органынан некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) рұқсатты, егер мұндай рұқсат алу шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес талап етілсе, ұсынуға тиіс.
Мұндай рұқсат болмаған кезде тіркеуші орган, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі өтінішті қабылдау кезiнде некеге отырушыларға (ерлі-зайыпты болушыларға) және бірінші кезекте Қазақстан Республикасының азаматына (азаматшасына), олардың некесi (ерлі-зайыптылығы) ол некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адам азаматы болып табылатын елде жарамсыз болып танылуы мүмкiн екендiгiн түсiндiруге тиiс.
Егер мұндай түсiндiрулерге қарамастан, өтініш берушiлер неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеуді талап етіп сұраса, бұл неке (ерлі-зайыптылық) тiркеледi.
Қазақстан Республикасы азаматтарының қандастармен некесін қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тiркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалпы негіздерде жүргiзiледi.
3. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтығы жоқ адаммен неке қию (ерлі-зайыпты болу) шарттары, егер ол адамның Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрғылықты жері болса, Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы