23-1-бап. Халықаралық соттардың Қазақстан Республикасынан жіберілген судьяларының мәртебесі Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы
1. Халықаралық соттардың Қазақстан Республикасынан жіберілген судьяларына соңғы лауазымына конкурссыз орналасу құқығы беріледі, ал, халықаралық соттың судьясы болып жұмыс істеген уақыты судьялық жұмыс өтіліне қосылады және орнынан түскен кезде ескеріледі.
Тиісті сотта судьялардың бос лауазымдары болмаған жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар олардың келісімімен тең дәрежелі немесе төмен тұрған сот судьясының бос лауазымына конкурссыз тағайындалады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда конкурссыз тағайындау осы Конституциялық заңның 31-бабының 10-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Халықаралық соттардың Қазақстан Республикасынан жіберілген судьяларына Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда реттелмеген бөлігінде осы Конституциялық заңда көзделген барлық материалдық және әлеуметтік кепілдіктер қолданылады.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы