23-1-бап. Қатынас жолдарын техникалық жабу Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы Заңы
1. Қатынас жолдарын техникалық жабу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен орындалады.
2. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларды жою мақсатында мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттері шегінде қатынас жолдарын техникалық жабу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.
3. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген көлік инфрақұрылымы объектілерін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде иеленетін мемлекеттік органдар немесе тұлғалар құзыреттері шегінде қатынас жолдарын техникалық жабуды жоспарлауға, қамтамасыз етуге және жүргізуге міндетті. Бұл ретте қатынас жолдарын техникалық жабуды қаржыландыру жұмылдыру дайындығын, жұмылдыру органдарын және жұмылдыруды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Уәкілетті мемлекеттік орган сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, бейбіт уақытта және соғыс уақытында көлік инфрақұрылымы объектілерін салу және қалпына келтіру үшін техникалық құжаттаманы, жобалау құжаттамасын, негіздеуші материалдарды және қажетті материалдарды жинақтауды қамтамасыз етеді.
5. Магистральдық жолдар, халықаралық, республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары, оларда орналасқан көпірлер мен тоннельдер, теміржол тораптары, кеме қатынасы үшін пайдаланылатын порттар, гидротехникалық құрылысжайлар мен су шаруашылығы құрылысжайлары және ішкі су жолдарында орналасқан шлюздер, әуеайлақтар, магистральдық құбыржол техникалық жабуға жатады.
Ескертпе:
1) жұмыс істеуін қамтамасыз ету және қирап-бұзылғанынан кейін тез қалпына келтіру мақсатында қатынас жолдарында бейбіт уақытта және соғыс уақытында жүргізілетін арнаулы іс-шаралар кешені техникалық жабу деп түсініледі;
2) көлік құралдарын (әуе кемелерін) қабылдау мен жөнелтуді, жөнелту пункті мен межелі пункт арасында адамдар мен жүктердің өтуін қамтамасыз ететін жолдар (автомобиль жолдары, теміржолдар мен су жолдары, әуе трассалары), құрылысжайлар мен олардағы құрылғылар қатынас жолдары деп түсініледі;
3) сұрыптау, жүк және жолаушылар станцияларының техникалық құрылысжайлары мен құрылғылары, станциялар арасындағы жалғайтын жолдар, айналма жолдар, жолаушыларға арналған станциялық құрылысжайлар, деполар, теміржол құрамын жөндеуге және жарақтауға арналған техникалық станциялар кешенін білдіретін бірнеше теміржол желісі тоғысқан пункт теміржол тораптары деп түсініледі.
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы көлiгiнiң құқықтық экономикалық және ұйымдық қызметiнiң негiздерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы