Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 23-бап. Әскери қызметшілердiң әскери киiм нысаны мен айырым белгiлерi Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы

23-бап. Әскери қызметшілердiң әскери киiм нысаны мен айырым белгiлерi Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

23-бап. Әскери қызметшілердiң әскери киiм нысаны мен айырым белгiлерi Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы 

      1. Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың әскери киiм нысаны мен айырым белгiлерiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. 

     Далалық киім нысанымен қамтамасыз етілетін резервтегі әскери адамдарды қоспағанда, әскери қызметшiлер салтанатты, күнделікті, далалық, арнайы киім нысанымен және арнайы киім-кешек заттарымен қамтамасыз етіледі. 

      Қарулы Күштердің, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың əскери киiм нысанын киіп жүру жəне айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларын – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi, ал əскери киiм нысанының жекелеген заттарын киіп жүру жəне айырым белгiлерiн тағып жүру ерекшелiктерiн уəкілетті органдардың бiріншi басшылары белгілейдi. 

       Осы Заңның 26-бабы 1-тармағының 9) және 11) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әскери қызметтен шығарылған адамдарды қоспағанда, Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда күнтізбелік есептеумен жиырма бес және одан көп жыл қызмет өткерген әскери қызметшілерге запасқа немесе отставкаға шығарылған кезде әскери киім нысанын киіп жүруге рұқсат етіледі. 

   Осы Заңның 10-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде аталған азаматтарға педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде бастапқы әскери даярлық қағидаларында айқындалатын тәртіппен әскери киім нысанының жекелеген заттарын киіп жүру және айырым белгілерін тағып жүру ерекшеліктерімен әскери киім нысанын киіп жүруге де рұқсат етіледі.

      2. Әскери киiм нысанын киіп жүруге құқығы жоқ адамдарға оларды киіп жүруге тыйым салынады және заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңы. 

           Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы