Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 23-бап. Бағдарламалық қамтылым Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

23-бап. Бағдарламалық қамтылым Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

23-бап. Бағдарламалық қамтылым Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 

      1. Бағдарламалық қамтылым – белгілі бір функциялардың орындалуын, цифрлық деректерді өңдеуді, сақтауды, қайта көшіруді және (немесе) беруді қамтамасыз ететін алгоритмдерді іске асыратын, пайдалану үшін дайындалған кодтардың жиынтығы болып табылатын сандық объект. 

      2. Бағдарламалық қамтылым құқығы құқық иесіне тиесілі және Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасына сәйкес қорғалады. 

      3. Ашық бастапқы коды бар бағдарламалық қамтылымды оны әзірлеуге немесе өзгертуге бірлесіп қатысатын бірнеше субъектілер құра алады және қолдап отыра алады. 

      Авторлық құқық иесі және осындай кодты әзірлеуге қатысу қағидалары айқындаған шарттарда қарау, зерделеу, пайдалану, көшіру және (немесе) өзгерістер енгізу үшін қолжетімді код ашық бастапқы код деп танылады. 

      Бастапқы код деп бағдарламалау тілінде көрсетілген, бағдарламалық қамтылымды құруға және өзгертуге арналған бағдарлама мәтіні түсініледі. 

      4. Ашық бастапқы коды бар бағдарламалық қамтылым ашық лицензия шарттарымен таратылады және пайдаланылады. 

      5. Осындай лицензияда белгіленген шарттар мен шектеулер сақталған жағдайда ашық бастапқы коды бар бағдарламалық қамтылымды пайдалануға, зерделеуге, көшіруге, модификациялауға және таратуға адамдардың шектелмеген тобына құқық беретін құқық иеленушінің лицензиясы ашық лицензия деп танылады.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының Кодексі 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 255-VIII ҚРЗ 

 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы