Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 23-бап. Кредиттік бюроларға ақпарат берудiң жалпы шарттары    5-тарау. Кредиттік бюроларға ақпарат беру Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Заңы

23-бап. Кредиттік бюроларға ақпарат берудiң жалпы шарттары    5-тарау. Кредиттік бюроларға ақпарат беру Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

23-бап. Кредиттік бюроларға ақпарат берудiң жалпы шарттары    5-тарау. Кредиттік бюроларға ақпарат беру Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы Заңы 

      1. Осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер мемлекет қатысатын кредиттік бюроға, сондай-ақ ақпарат беру туралы шарттар негізінде кредиттік тарих субъектісінің келісімі болған кезде өзге де кредиттік бюроларға ақпарат беруге міндетті.

      Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілер мемлекет қатысатын кредиттік бюроға және өзге де кредиттік бюроларға ақпарат беруге міндетті.

      Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға ақпарат беру және кредиттік есептерді алу талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын ақпарат беру және (немесе) кредиттік есептер алу туралы шарттарда айқындалады.

      2. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және шарттарда кредиттік бюроларға өздерімен жасалатын ақпарат беру туралы шарттар негiзiнде ақпарат бередi.

      Орталық атқарушы органдар және оларға ведомстволық бағынысты заңды тұлғалар мемлекет қатысатын кредиттік бюроға ақпарат беруді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның ақпарат алмасудың электрондық шлюзін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен онымен жасалған шарт негізінде жүзеге асырады.

      4. Өнім берушілер кредиттік бюроларға ақпаратты электрондық нысанда береді. Ақпаратты қағаз жеткізгіште беру жағдайлары кредиттік бюролардың ішкі құжаттарында және олар ақпарат берушілермен жасасатын шарттарда айқындалады.

      5. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілерді қоспағанда, ақпарат берушілер кредиттік тарих субъектілерінің өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге алған келісімдерін есепке алуды жүргізеді.

      6. Кредиттiк тарих субъектілерiнің өздерi туралы мәлiметтердi кредиттiк бюроларға қағаз жеткiзгіште немесе электрондық нысанда ұсынуға келiсiмiн ақпарат берушi кредиттiк бюроларға олар туралы сoңғы ақпарат берiлген күннен бастап кемінде он жыл сақтауға тиiс.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      7-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

   7. Заңды тұлғалар кредиттік бюромен жасалған шарт негізінде кредиттік есепке енгізілуі мүмкін кредиттік тарих субъектілері туралы мәліметтерді береді және (немесе) кредиттік бюродан дербес деректерді ашпай, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес талдамалық және (немесе) статистикалық ақпаратты алады.

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында кредиттiк тарихты қалыптастырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негiздерін, кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушылардың құқықтық жағдайын айқындайды, кредиттiк бюроларды құруға, олардың қызметін жүзеге асыруға және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды, осы саладағы мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау ерекшелiктерiн реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы