Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 23-бап. Ұлттық пошта операторы Пошта туралы Заңы

23-бап. Ұлттық пошта операторы Пошта туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

23-бап. Ұлттық пошта операторы Пошта туралы Заңы 

 

      1. Ұлттық пошта операторының мынадай міндеттемелері болады:

      1) уәкiлеттi орган бекіткен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сәйкес пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерін ұсынады;

      1-1) ауылдық елді мекендерде осы Заңның 23-1-бабында көзделген қызметтерді көрсетеді;

      2) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнаулы пошта байланысы қызметтерін көрсетеді;

      3) Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидаларға сәйкес жылжымайтын мүлік объектілеріне пошта индекстерін беруді жүзеге асырады;

      4) алып тасталды – ҚР 10.02.2025 № 164-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      5) арнаулы пошта байланысының жұмыскерлерін нысанды киiммен, сондай-ақ өз жұмыскерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етеді;

      6) Қазақстан Республикасының пошта төлемiнің мемлекеттiк белгiлерiн шығаруды және өткізуді ұйымдастырады;

      7) электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесін құрады және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

      2. Ұлттық пошта операторы:

      1) осы Заңның 9-бабы 2-тармағының 2), 3), 4), 5), 7) және 9) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген қызметтерді көрсетуге;

      2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен брокерлік, дилерлік және трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға;

      2-1) жасалған шарт негізінде бюджеттен көрсетілген қызметтер үшін сыйақы алу құқығымен, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен кірістер тізбесі бойынша салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу үшін жеке тұлғалар мен мемлекеттік мекемелер өкілдерінен қолма-қол және қолма-қол емес ақша қабылдағаны үшін төлемақы алмай қызметтер көрсетуге;

      3) банк операцияларының мынадай жекелеген түрлерін лицензиясыз:

      заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауды, олардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді;

      банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашуды және жүргізуді;

      кассалық операцияларды: қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта есептеуді, сұрыптауды, буып-түюді және сақтауды қоса алғанда, оны қабылдауды және беруді;

      аударым операцияларын: жеке және заңды тұлғалардың төлемдері мен ақша аударымдары бойынша тапсырмаларын орындауды;

      банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды, оның ішінде бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды инкассациялауды;

      қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоса алғанда, шетел валютасымен айырбастау операцияларын;

 

      терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) , терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағында көзделген ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізу мақсатында банктік шотын ашуды және жүргізуді жүзеге асыруға;

      4) төлем карточкаларын шығаруды, өткізуді және таратуды жүзеге асыруға;

      5) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тасымалдауды және сақтауды жүзеге асыруға құқылы.

      3. Ұлттық пошта операторының жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, олардың банктік шоттарын ашу және жүргізу жөніндегі қызметін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган, оның ішінде жекелеген пруденциялық нормативтерді белгілеу және лицензиялар беру арқылы реттейді.

      Ұлттық пошта операторы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржылық және өзге де есептілікті ұсынады.

      Ұлттық пошта операторы жедел депозиттерге тартатын халық салымдарының сақталуы оларды мемлекеттiк бағалы қағаздарға және өзге де өтiмдi қаржы құралдарына орналастыру арқылы қамтамасыз етіледі.

 

      Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Ұлттық пошта операторының қаржы қызметін жүзеге асыруы және қаржылық қызметтер ұсынуы кезінде оның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) , терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.

 

      Уәкілетті орган Ұлттық пошта операторының пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін жүзеге асыруы кезінде оның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) , терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады.

      4. Ұлттық пошта операторы өзіне мемлекет жүктеген міндеттемелерді іске асыру мақсатында мәліметтер сұратады және алады не "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесіне кіру рұқсатын алады.

      5. Ұлттық пошта операторы орналасқан жерінің мекенжайы бар және "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесіне енгізілген әрбір жылжымайтын мүлік объектісіне пошта индексін береді. Қазақстан Республикасының аумағында пошта индекстерінің бірыңғай базасын жүргізуді Ұлттық пошта операторы Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.

      6. Ұлттық пошта операторының басқа пошта операторларымен өзара іс-қимылы шарттық негізде жүзеге асырылады.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 498-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді және қоғамдық қатынастарды реттейді, пошта қызметi субъектілерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, пошта саласындағы мемлекеттiк органдардың құзыретiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы