Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 231-бап. Бейрезиденттің тұрақты мекемесін тіркеу есебіне алу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

231-бап. Бейрезиденттің тұрақты мекемесін тіркеу есебіне алу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

231-бап. Бейрезиденттің тұрақты мекемесін тіркеу есебіне алу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексі 

     1. Тұрақты мекеме құрылған кезде Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын бейрезидент осы Кодекстің 95-бабына сәйкес салық органында тіркеу есебіне алынуға жатады. 

     2. Бейрезиденттің тұрақты мекеменің құрылуына алып келетін қызметі қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап салық органдарында тіркеу есебіне қойылғанына немесе тіркеуші органда есептік тіркелгеніне қарамастан, тұрақты мекеменің қызметі ретінде қаралады. 

     Келісімшарт (шарт) жасалған күн осындай тұрақты мекеме қызметінің жүзеге асырылуының басталған күні деп танылады. 

     3. Егер бейрезидент бір салық органында тіркелуге жататын екі және одан көп тұрақты мекеменің құрылуына алып келетін қызметті жүзеге асырса, онда бейрезиденттің осындай тұрақты мекемелер тобы бойынша жиынтығында бір тұрақты мекеме тіркелуге жатады. 

     4. Егер бейрезиденттің тіркелген тұрақты мекемесі болса және осындай тұрақты мекеменің тіркелген жерінен басқа жерде ұқсас немесе сол қызметті жүзеге асырса, онда ұқсас немесе сол қызметті жүзеге асыру тұрақты мекеменің құрылуына алып келеді және қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап ұқсас немесе сол қызметті жүзеге асыратын жерде тіркелуге жатады. 

     5. Егер бейрезиденттің тұрақты мекемесі салық төлеушілер базасынан шығарылған күннен кейін мұндай бейрезидент осы Кодекстің 228-бабында және 227-бабының 2-тармағында көрсетілген қызметті қатарынан он екі айлық кезең ішінде қайта бастаса, онда ол тұрақты мекеме құрған деп танылады және осындай қызметті жүзеге асыра бастаған күннен бастап салық төлеуші ретінде тіркелуге жатады.  

     6. Егер бейрезидент қызметті қосарланған салық салуды болғызбау және салық төлеуден жалтарудың алдын алу мәселелерін реттейтін халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 226-бабының 2-тармағына сәйкес тұрақты мекеменің құрылуына алып келмейтін құрылымдық бөлімше арқылы жүзеге асыратын болса, онда бейрезиденттің мұндай құрылымдық бөлімшесіне бейрезиденттің тұрақты мекемесі үшін көзделген осы Кодекстің ережелері қолданылатын болады. 

     Бұл ретте мұндай құрылымдық бөлімшенің осы Кодекстің 699, 700 және 701-баптарына сәйкес қосарланған салық салуды болғызбау және салық төлеуден жалтарудың алдын алу мәселелерін реттейтін халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы бар.  

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

______________________________ 

 

2026 жыл 1 қаңтардан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) күші жойылды деп танылсын,  2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты. 

231-бап. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша кірістері Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі   

      1. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының:  

      1) сақтандыру сыйлықақылары (жарналары); 

      2) еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша қайта сақтандыру активтерін ұлғайту; 

      3) сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу; 

      4) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының сақтандыру резервтерін төмендетуі; 

      5) осы Кодекстің 237-бабында көрсетілген кірістерді қоспағанда, сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша өзге кірістер түріндегі кірістері сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша кірістері болып танылады. 

      Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметіне байланысты кірістер қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті органмен және салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісілген талаптары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген есептілік деректерінің негізінде айқындалады. 

      2. Осы баптың ережелері өздері бойынша сақтандыру сыйақылары түріндегі кіріс халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін толық мөлшерде танылған сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарына қолданылмайды. 

      3. Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша есептелген қайта сақтандыру активтерінің есепті салықтық кезеңнің соңында мөлшері мен осындай активтердің алдыңғы салықтық кезеңнің соңындағы мөлшері арасындағы оң айырма сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша есептелген қайта сақтандыру активтері түріндегі кірісі деп танылады. 

      4. Зиян келтірген тұлғаға кері талап қою (регресс) құқығы негізінде сақтандыру төлемдері бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының және (немесе) қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымының шығыстарын өтеу сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі кірісі болып танылады. 

      Бұл ретте сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымының 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін күшіне енген, өздері бойынша сақтандыру жарналары түріндегі кірістер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес, оның ішінде 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін де танылатын, жинақтаушы сақтандыру, қайта сақтандыру шарты, жинақтаушы емес сақтандыру, өмірді қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері жөніндегі шығыстарды өтеу түріндегі кірісі мынадай формула бойынша айқындалады: 

      К х (А/Б), мұнда: 

      К – есепті салықтық кезеңде алынуға жататын (алынған), сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі кіріс; 

      А – 2011 жылғы 31 желтоқсаннан кейін есепті салықтық кезеңде сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі кірісті тану күнін қоса алғанда, алынуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары; 

      Б – шарт күшіне енген күннен бастап есепті салықтық кезеңде сақтандыру төлемдері бойынша шығыстарды өтеу түріндегі кірісті тану күнін қоса алғанда, алынуға жататын (алынған) сақтандыру жарналары. 

      Ескерту. 231-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.12.2022 № 165-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)  Кедендік реттеу туралы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік кодекс Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы