236-бап. Агроөнеркәсiптiк кешен және ауылдық аумақтар саласында кредит беру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі
1. Агроөнеркәсiптiк кешен және ауылдық аумақтар саласында кредит беру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беру не мамандандырылған ұйымдардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылады.
2. Агроөнеркәсiптiк кешен және ауылдық аумақтар саласында кредит беру "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ережелер ескеріле отырып, мынадай бағыттар бойынша жүргiзiледi:
1) ауыл шаруашылығы өндірісінің инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту;
2) ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтардың, балық шаруашылығы мен аквашаруашылыққа арналған жабдықтардың және аулау құралдарының лизингі;
3) агроөнеркәсiптiк кешенде кредит беруді жүзеге асыратын кредиттік серіктестіктерді ұйымдастыру және оларға кредит беру;
4) ауылдық жердегi кәсiпкерлiк қызметтiң ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлерiне кредит беру;
5) aуыл шаруашылығы өнiмiн сатып aлу, өндiру, қайта өңдеу және өткiзу;
6) аквашаруашылық және балық өнiмiн қайта өңдеу;
7) ауыл халқына микрокредит берудi ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы