24-бап. Әскери қызмет мерзiмдері. Еңбек сіңірген жылдары Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы Заңы
1. Әскери қызмет мерзiмдерi күнтiзбелік есеппен:
1) мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерi үшiн – он екi ай;
2) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер үшін – жиырма төрт ай;
3) келiсiмшарт бойынша әскери қызмет өткеретiн әскери қызметшiлер үшiн – әскери қызмет өткеру туралы келiсiмшартта көрсетілген мерзімге;
4) резервтегі әскери адамдар үшін – жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болу кезеңдеріне белгіленеді.
2. Еңбек сіңірген жылдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін тәртіппен, зейнетақыға құқық беретін әскери қызмет ұзақтығын есептеу мақсатында есептеледі. Әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарын есептеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
Әскери емес лауазымдарда әскери қызмет өткеру уақыты еңбек сіңірген жылдарға есептеледі. Еңбек сіңірген жылдар жалпы еңбек өтіліне және мемлекеттік қызмет өтіліне есептеледі.
Əскери қызметші жұбайының (əскери қызметші зайыбының) одан əрі əскери қызмет өткеруіне (оқуға түсуіне) байланысты шетелге кеткен əскери қызметшілердің шетелде болу уақыты еңбек сіңірген жылдарына есептеледі.
Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы әскери қызметке түскенге дейін құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда, азаматтық қорғау органдарында қызмет өткерген әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдары олардың құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер беру көзделген лауазымдардағы жұмыс істеген уақытын ескере отырып есептеледі.
Мемлекеттік қызмет, соның ішінде құқық қорғау қызметі, азаматтық қорғау органдарындағы қызмет өтіліне мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органының және азаматтық қорғау органының қызметкері құрылымында əскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік органда əскери лауазымға уақытша тағайындалған кезеңдегі уақыт, сондай-ақ олардың бір мемлекеттік органнан басқа мемлекеттік органға ауысу уақыты есептеледі.
Мемлекеттік қызметке кірген адамдар үшін əскери қызмет өткеру уақыты мен əскери лауазымға тағайындалу кезеңі мемлекеттік қызмет өтіліне есептеледі.
Егер әскери қызметші әскери қызметтен, қызметкер Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарынан, азаматтық қорғау органдарынан, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызметінен шығарылған күннен бастап және оны әскери қызметке қабылдаған күнге дейін үш айдан аспаса, оның көрсетілген кезеңде өзге де жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастары болмаған жағдайда әскери қызметі үзіліссіз деп есептеледі. Бұл ретте көрсетілген кезең лауазымдық айлықақыны айқындау үшін өтілін және (немесе) еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеу кезінде есепке жатқызылмайды.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметті өткеруі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі мемлекеттік саясат негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы