241-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі
1. Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, жұбайын хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің; жұбайын әрекетке қабілетсіз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің; жұбайының қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандығы туралы сот үкімінің; сот санкциялаған күнінен бастап үш жыл өткен соң қылмыстық қудалау органының халықаралық іздестіру жариялау туралы қаулысының негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініштердің нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді.
Осы Кодекстің 238-бабының 4-тармағында көзделген некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін негіздер, сондай-ақ соттың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы заңды күшіне енген шешімі азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесіне электрондық түрде келіп түседі.
2. Осы Кодекстің 238-бабының 2 және 4-тармақтарында көзделген негіздер бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтінішке неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік, егер ол қағаз жеткізгіште берілген болса, қоса берілуге тиіс.
Егер неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасы тіркеуші органда сақталмаса, неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасын қалпына келтіру талап етіледі.
3. Әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысы басқа адамдардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы мәлімдеме жасауына нотариатта куәландырылған сенімхат негізінде уәкілеттік бере алады.
4. Ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуді қоспағанда, егер ерлі-зайыптылардың біреуі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға келе алмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес оларға, оның мүдделерін білдіру үшін сенімхат беріледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы